Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы бақылаушыларының миссиясы – Қазақстанның Парламенттік сайлауында ұсынылған ең үлкен делегация. Оның өкілдері әр елді мекенде болды. Бұл туралы сайлау науқанының қорытындысына арналған брифингте Мемлекеттік Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, ҰҚШҰ ПА бақылаушылар миссиясының мүшесі Умахан Умаханов мәлімдеді. Ол елордадағы процесті жеке өзі бақылады.

«Біз кеше 49 сайлау учаскесінде болдық. Бірде-бір бұзушылық тіркелген жоқ. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты қазақстандық тарап қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті, қолғап, бетперделер таратты, антисептикалық құралдар қолданылды. Біз осы қиын уақытта Қазақстанда сайлаудың қалай ұйымдастырылғанын көрдік және басқа елдер қазақстандық тәжірибені қолданатын болады деп ойлаймын. Мен Мемлекеттік Дума Парламентінің екі шақырылымында болдым, сайлауда көп мәрте бақылаушы болдым, бірақ кешегідей, Қазақстан Республикасындағыдай ұйымдастырушылық деңгейді көргенім аз», - деді спикер өз әсерімен бөлісе отырып.