Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметке осындай сұрақ қойылды.
Журналистің бұл сауалына медицина профессоры Арман Шарманның қараша айында Қазақстанда күніне 80-100 адам коронавирустан қайтыс болады деген болжамы негіз болған.
Бағдат Қожахметов ведомствоның пессимистік болжам жасап отырғанын жеткізді.
«Ең қиын жағдайға дайындалу керек. Денсаулық сақтау жүйесінде кем дегенде 55 мың адам қабылдай алатын провизорлық орталықтар дайын. Емханалар керекті дәрі-дәрмекпен қамтылған. Кез келген болжамдардың орындалу-орындалмауы белгісіз, сондықтан ең бастысы денсаулық сақтау жүйесін дайындап, мұндай божамның іске асуын болдырмау керек», - деді ведомствоның ресми өкілі.