Баспасөз конференциясын аша отырып, Қазақстандағы сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысатын Украина өкілдері қазақстандық сайлаушылар белсенділігінің жоғары деңгейін атап өтті.

«Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда бақылаушы ретінде Украина өкілі болып қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Біздің жылы кездесуіміз және Қазақстан халқының Украинаға деген қарым-қатынасы, ынтымақтастық ниеті, дос болу ниеті біздің қарым-қатынасымызға әсер етеді. Жалпы, сайлау учаскелеріне барған кезде демократиялық процестер мен құндылықтардың жеткілікті жоғары деңгейде екенін, әркімнің учаскелерге еркін қол жеткізе алатынын, белсенді қоғамдық-саяси қызмет байқалып отырғанын, мұны сайлаушылар саны мен ашық жәшіктерде көрген бюллетеньдер саны бойынша да көруге болады деп айтқым келеді. Бізде, әдетте, осы уақытқа дейін адамдар аз келеді», - деп өз пікірімен бөлісті Жоғарғы Рада депутаты, «Халықтың қызметшісі» фракциясының мүшесі, «Украина-Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Евгений Шевченко.

«Таңертең сағат 10.00-ден бастап біз сайлау учаскелерінде болдық, келушілер саны өте көп болды. Біз Қазақстан Республикасы азаматтарының сана-сезімінің жоғары деңгейі бар екенін, парламенттік сайлаудың дұрыс өтуі тиістігін түсінеміз. Мұны көру маған өте ұнады. Менің ойымша, кейбір ұсақ және елеусіз бұзушылықтар болды, сайлау шынымен демократиялық жолмен өтті деп айта аламыз»,- деп толықтырды Жоғарғы Рада депутаты, «Халықтың қызметшісі» фракциясының мүшесі Сергей Литвиненко.