Ұлттық кеңес халық пен билік арасындағы диалогты нығайтты. Оны жаңа сатыға көтерді. Халықтың билікке деген сенімін арттырды. Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президенттің халыққа Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі баспасөз конференциясы барысында осылай деді.
«Қоғамдық кеңесте бір жылдың ішінде ауқымды мәселелердің басын ашып, ең бастысы, қоғаммен бірге шешімін тауып келеді. «Кеңес мүшелері – елдің беделді азаматтары, елдің көкейкесті мәселелерінің барлығы Кеңес отырыстарында қаралып, көп жылдар бойы шешімін таппай жүрген проблемалар шешілуде. Осы нәтижелердің барлығын арнайы «Балаеваға үш сұрақ» бағдарламасында кеңінен айтып бердім», - деді ведомство басшысы модератордың сұрағына берген жауабында.
Оның айтуынша, Кеңес отырыстарында айтылған ұсыныстардың барлығы хаттамаға енгізіледі. Барлық мемлекеттік органдар сол мәселелердің шешімін тауып, жүзеге асырады.