Қазақстанда зертханалар үшін реагенттердің өзіндік өндірісі басталды.

Отандық өндірісті дамыту мәселелері туралы айта келе, денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова Денсаулық сақтау министрлігінің зертханаларға арналған реагенттердің отандық өндірісін құру және дамыту бойынша белсенді жүргізілгендігі туралы хабарлады.

Сарапшының ақпараты бойынша, бүгінгі күні коронавирусқа отандық тесттерді шығаруға келесі ұйымдар кірісті:

  • Диамед ЖШС (мақсатты ген ORF1аb), өнімділігі (аптасына 500 мың тест), келешекте айына 3 млн-ға дейін ұлғайту. Сонымен қатар, өндіруші нуклеин қышқылын бөлу үшін жиынтықтар шығарады.

  • Аса қауіпті инфекциялар ұлттық институты (SARS-CoV-2 анықтауға арналған реагенттер жиынтығы), аптасына 100 мыңға дейін өндіріс. Өндіруші тесттері эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде диагностика үшін қолданылды.

  • Ұлттық биотехнология орталығы (SARS - CoV-2 анықтауға арналған реагенттер жиынтығы), ҚР ДСМ-мен келісім-шарт бойынша 6 000 тест жүргізілді, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың ғылыми-практикалық орталығына тіркеуден кейінгі сынақтарға берілді және тіркеу процесінде жатыр, одан кейін жиынтықтар диагностика үшін беріледі.

  • экспресс тестке жеке өндірушілердің ұсыныстары да бар.