Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі ЦДИАӨМ және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құруда. Қазіргі кезде бұл жүйе пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл жүйені енгізу мұнайды өндірген ұңғымадан бастап, кен орнында өңдеуге дейін және тасымалдауды, мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу, мұнай өңдеуге қатысты басқа да объектілерде атқарылатын қызметтердің барлығын автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Нәтижесінде, атқарылған жұмыстарды, деректерді шұғыл түрде онлайн режимде алуға және қажетті әкімшілік шешімдерді қабылдауға өз ықпалын тигізеді. Материалдық балансты автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді», - деді министр.