Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығын оқу процесіне 2021-2022 оқу жылынан бастап енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.

БҒМ апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық баспасөз маслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. Оның айтуынша, оқулық әзірлеудің барлық кезеңдеріне байланысты толық сараптама жасалады.

«Әліппенің» мазмұны А. Байтұрсыновтың әдістемесіне негізделген. Жұмыс тобындағы барлық мұғалімдердің, ғалымдар тарапынан толық қолдау тапты. Өйткені, бұл жүйе, оқушылардың оқу біліміне қатысты нағыз талаптарды қарай білетін, оның ішінде әріптердің, дыыстардың реттілігі, оны қолдану жиілігі ескеріліп пайдаланылатыны көрсетілді. Қазіргі заманғы педагогиканың нақты талаптары ескеріліп, осы оқу бағдарламасының негізі жасалды», - деді вице-министр.

Спикердің атап өтуінше, «Әліппені» оқыту үш кезеңмен өтеді. Біріншісі, «Әліппеге дейінгі кезең», екіншісі, «Әліппе» кезеңі» және «Әліппеден» кейінгі кезең». Осы екі кезең «Әліппе» оқулығымен іске асырылады, ал «Әліппеден кейінгі кезең» мектептерде «Ана тілі» оқулығымен оқытылады.