Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Осыған орай, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама оқыды.

Бүгінгі мәліметтерге сәйкес қалада коронавируспен ауырған 17 адам тіркелді.

«Бұл азаматтармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы табылды, олар арнайы орындарға жатқызылды. Сонымен қатар, лабороториялық зерттеулер жүргізілді. 28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент жатыр. Олардың 19-ы инфекциялық стационарда, 299-ы провизорлық стационарда»,- деп атап өтті қала әкімі

Диагностика жасап, емдеу үшін 1051 орынға арналған медициналық мекемелер анықталды. Егер қажет болған жағдайда тағы да осындай орынға есептелген медициналық орталықтар дайын.

Медициналық қызметкерлер коронавирус инфекция жұқтырды деген күдігі бар жағдайда пациенттермен жұмыс істеуде нақты іс әрекеттер тәртібін жақсы біледі. Себебі оларға жауапкершілік жүгі артылып отыр. Өз атымнан медицина қызметкерлеріне ауыр жұмыстары барысында алғыс айтып, барлық азаматтарды қолдауға шақырамын. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, басқа да қажетті заттармен толықтай қамтамасыз етілген.

Карантин енгізу туралы

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес 2020 жылғы 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап елорда аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл дегеніміз:

  1. Автовокзалдарда қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды;

  2. Елорда аумағына кіріп-шығатын жерлерде барлық көлік түрлері үшін коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды не жұқтырған адамдарды анықтау үшін пункттер болады; қала тіршілігін қамтамасыз ететін адамдарға елорда аумағына кіру тек қана арнайы рұқсаттамалар бойынша жүзеге асады.

  3. Арнайы рұқсаттамаларды беру бойынша Ішкі істер министрлігімен бірлесе жұмыстар атқарылады.

  4. Арнайы рұқсаттамалар қаламызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпкерлерге, коммуналдық қызметтердің жұмысшыларына, басқа да қала тіршілігін қамтамасыз ететін органдарының қызметкерлеріне беріледі.

  5. Мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар мен барлық балаларға арналған үйірмелер жабылады.

  6. Қазіргі таңда мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда 56 мыңға жуық бала бар. Соңғы мәліметтерге сәйкес қазіргі таңда олардың 80%-ы балабақшаларға бармай жатыр.

  7. Балалардың көпшілігінің балабақшаға бармауын ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

  8. Қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында азық-түлік дүкендері, машина жуатын жерлер мен дәріханалар ғана жұмыс істейді. Қаладағы 12 сауда ойын-сауық орталығының жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Осы орайда "Мега" желісі басшылығының жұмысын мысал ретінде келтіргім келеді.

  9. Олар жалға беруді тоқтатып, қызметкерлерін еңбек демалысына жіберіп, жалақының 75%-ін төледі.

  10. Өз кезегінде жалға алушылар мен басқа да кәсіпкерлік субъектілері үшін несие төлеу кейінге қалдырылатын болады.

  11. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақыты шектеледі. Қазіргі таңда бұл мәселені министрмен қарастырып жатырмыз. Қазіргі таңда қызмет түрлерінің көпшілігін ЭЦП кілті арқылы онлайн алуға болады.

  12. Барлық ұйымдардың басшыларына қызметкерлердің 70%-ін қашықтықтан жұмыс жасауға немесе еңбек демалысына шығару ұсынылады.

  13. Бұл коммуналдық қызметтерге, құқық қорғау және арнайы органдарға, медицина қызметкерлеріне және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да ұйымдарға қатысты емес.

  14. Сауда ойын-сауық орталықтарында, базарлар, құлшылық жасайтын орындар, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану жерлерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, вокзалдарда, әуежайларда, қонақ үйлер және т.б. жерлерде санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтіледі.

  15. Медициналық тексеруден өтуге және емделуден бас тартқан, карантин режимін сақтауға бей-жай қарап, эпидемиологиялық жағдайды және т.б. жағдайларды анықтау үшін қолында бар мәліметтерді жасырған кісілерге бақылау күшейтілді.

  16. Қала аумағында патрульдік бақылау күшейеді.

Жалпы, карантин енгізу халықаралық тәжірибесі – бұл жалпылама тәжірибе. Пандемияны бәсеңдетудің ең жақсы тәсілі – бұл әлеуметтік изоляция, яғни әр азаматтың жеке жауапкершілігі.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету қауіпсіздігі.

Қазіргі уақытта қаладағы сауда желілерінің қоймаларында 47 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бар. Бұл қазіргі айлық норманы жабады (38 мың тонна).

Негізгі өнімдердің бағасын тұрақтандыру үшін келесі шаралар қабылданды:

1) Бағасы мен сұраныс артып келе жатқан көкөністер тобы (картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз) «айналымдағы кесте» негізінде ӘКК және үш оператор арасында 1,3 млрд теңгенің көлемінде келісімшарт жасалды.

2) Наубайханаларда 110 теңгелік (нарықта 105 теңгеден жоғары) нан пісіру үшін 6 мың тонна ұн сатып алынды. Бұл жаңа астық өнімі түскенше бір бөлке нанды 85-90 теңгенің көлемінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

3) Ет пен жарма бойынша. «Шапағат» базарымен еттің бағасын тұрақты ұстап тұруға (1 700 тг/кг) келісім-шарт жасалды. Азық-түлік белдеулеріндегі облыстардан тасымалдаушылар анықталды (Павлодар, Қарағанды, Ақмола).

Сонымен қатар жеңілдетілген несиелер бөлінуде. Өнімдерді сату қалалардағы ірі базарлар арқылы жүзеге асырылады.

4) Демалыс күндері жәрмеңке өткізу жалғасады. Жазғы маусым басталғанға дейін «Аспан базары» және «Зейд» сауда үйлерінің аумағында өткізіледі.

Қазір дүрлігуге негіз жоқ, сауда желілеріндегі барлық сөрелер толтырылған, бағалар тұрақты.

Тұрғындарды маскалар және антисептиктермен қамтамасыз ету бойынша

Медициналық маскалар мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді қаланың дәріханаларында жеке және көтерме бағада қолжетімділігі бойынша ай сайынғы мониторинг жасалады.

Маскалардың тапшылығы кейбір кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың маскаларды көтерме бағамен сатып алуына байланысты болып отыр.

Сондықтан бір адамға 5 дана маскадан артық сатпауға шешім қабылданды.

Бірінші. Кеше 350 мыңнан аса (56 тг) маска келіп түсті. Ірі дәріханалар желісіне қосымша 90 мың маска (40+50) жеткізілді.

Осы аптада 1 млн маска сатып алу мәселесі қарастырылып жатыр. Одан кейін жүйелі түрде шешіледі.

Екінші. 200 мың антисептик жеткізілуі тиіс. Оның 60 мыңы бүгін дәріханаларға беріледі.

Үшінші. Маскамен қоғамдық көлік жүргізушілері мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары қамтамасыз етілді.

Бүгін құқық қорғау салаларының қызметкерлері, ТЖ және коммуналдық қызмет көрсету мамандары маскамен қамтылады.

Кейбір жеке тұлғалардың маскалармен алыпсатарлық жасап жатқаны белгілі. Оларға қатысты антимонополиялық және заң тұрғысынан қатаң шара қолданылып, бақылау күшейтіледі деп ойлаймын.

Коммуналдық қызметтер мен ЖКХ. Біріншіден. КСК тұрғын үй кешендерінің жәнеүйлердің кіреберістерін (есік тұтқаларын, баспалдақ қоршауыштарын, сонымен қатар кіреберістер мен лифтілердің есіктерін және т.б.) күніне кемінде 2 рет залалсыздандыруды ұйымдастыруды тапсырды.

Екіншіден. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылады және жеке гигиена шараларымен қамтамасыз етіледі.

Біз қажетті шараларды қабылдап жатырмыз, бірақ ең алдымен азаматтардың өзін-өзі тәрбиелеуі керек - барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қорғайсыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз бұл қиын кезеңді өткере аламыз.

Қоғамдық көлік пен такси саласындағы алдын-алу шаралары Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты күнделікті жолаушылар ағынының орташа есеппен 33%-ке төмендеуі байқалады (725 мыңнан 490 мыңға дейін). Елорданың автобус парктері де алдын алу шараларын жүргізеді, оның ішінде:

  • автобустарды күнделікті негізде соңғы аялдама пункттерінде және бағардың жүру уақытының соңында көлікті жуу кезінде зарарсыздандыру;
  • жүргізушілердің дене температурасын өлшеу және медициналық тексеру кезінде күнделікті нұсқаулықтан өткізу;
  • автобус жүргізушілеріне маскалар беріледі.

Шағын және орта бизнесті қолдау Шағын және орта бизнестің даму қарқынын сақтау және қолдау үшін ҚР Үкіметі төмендегі шараларды қабылдады: Бірінші. Бизнеске несиесін төлеу бойынша кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Төтенше жағдай енгізілген кезде заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың займдар және микронесиелері бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда айыппұл салынбайды.
Бұдан өзге, 90 күндік төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған ШОБ және Жеке кәсіпкерлерге төлем жасау бойынша кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Екінші. Тұтынушылық несиелер бойынша жұмыс жасалды. Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық займдары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен жағдайда сыйақының өсуіне шектеу қойылады.
Жеке тұлғалардың несиелік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушының негативті несие тарихын өзгертуіне мүмкіндік қарастырылады. Үшінші. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, көрмелер, спорттық объектілер бір жылға мүлік салығынан босатылады. Бір тоқсан бойынша өсім тоқтатылады, салықтық есеп мерізімі III тоқсанға ауыстырылады. Жалпы режимде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер салықтан босатылады.