Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Ұлттық еріктілер желісінің басшысы Вера Ким мәлімдеді. Оның пікірінше, бүгінде зейнеткер-дәрігерлердің көпшілігі пациенттерге COVID-19-ға жатпайтын созылмалы аурулар мен басқа да аурулар бойынша онлайн-режимде кеңес бере алады.

Өз сөзінде еліміздің бас волонтері қазіргі уақытта медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері мен интерндерінен тұратын еріктілерге психологиялық көмек көрсететін психологтар тобы құрылғанын айтты.

«Біз сондай - ақ жаңа құрылған стационарлар мен провизорларда кереуеттерді, оттегі баллондарын тасымалдауға көмектесу, су салынған фураларды түсіру және т.б. үшін спорт федерацияларын, әскери, дене дайындығы жақсы адамдарды белсенді тартамыз»,- деп толықтырды В. Ким.