Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы қазақстандықтарды қызылшаға қарсы егілуге шақырды.

«Екпеден бас тартып жатқан тұрғындар бар. Себебі олар қызылшаны дерт деп санамайды. Сондықтан, қызылшамен ауырған балалардың ауруы асқынуы мүмкін. Мәселен, пневмония, энцефалит, бронхит, ал ең ауыры панэнцефалит. Бұл инфекция өздігінен басылмайды. Қандай да бір депрессия, иммун тапшылығы болған кезде ауру пайда болуы мүмкін», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

Айтуынша, қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады.

Қазіргі кезде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қызылшаға қарсы егілмеген және егілгендігі туралы деректер жоқ 30 жасқа дейінгі 2342 адам егілді.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының айтуынша, Қазақстанда балаларды жоспарлы иммундау және ошақтарда қатынаста болған адамдарды вакциналау үшін вакцина жеткілікті.

Айта кетсек, қызылшаның алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел. Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп, таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу, ауыз қуысындағы қызыл дақтар.