Яғни, ипотеканы тұрғын үй жағдайын жақсарту құралы ретінде пайдаланбау. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың жаңа қағидаларын түсіндіру жөніндегі брифинг барысында «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

Оның айтуынша, 5 мүмкіндік бар. Біріншіден, сатып алу-сату шарттары бойынша тіркеуге, жекешелендіруге байланыссыз қалада немесе ауылда бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй сатып алуға болады. Ақшаны жұмсауға және қалған келісімшарттар бойынша төлемдерді өтеуге болады.

«Толық иелену үшін төленуі тиіс сома көрсетілген қалған келісімшарттар бар. Сондай-ақ, бұл ақшаны арнайы шоттан көрсетілген шотқа аудара аласыз. Одан раы – бөліп төлеу шарттары бойынша. Сондай-ақ, жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үйді бөліп төлеу мүмкіндігімен берген немесе құрылыс компанияларының өздері тұрғын үйді бөліп төлеу мүмкіндігімен ұсынған әртүрлі ипотекалық тұрғын үй бағдарламалары өте көп болды. Бірақ бұл жерде төлеміңіздің міндетті түрде соңғы болуы керек екенін атап өтуіміз керек. Яғни, егер келісім-шарт сомасы 20 млн теңге болса, Сіз 12 млн-ын төледіңіз, қалғаны 8 млн теңге. Сіз толығымен жабуыңыз керек. Бұл тармақта төлемнің соңғы толық төлем болуы тиіс екендігі көрсетілген. Айырбастау шарты бойынша – бұл жас отбасылар үшін өте ыңғайлы норма, олар 1-2 бөлмелі пәтерді аумағы үлкендеу тұрғын үйге ауыстыра алады және біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын қосымша төлем сомасы ретінде пайдаланады», - деп түсіндірді спикер.

Салынып жатқан үйден пәтер сатып алу үшін жинақтарды тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігі болған жағдайда ғана аударуға болады. Сондай-ақ, өзіңіздің жеке үйіңіздің және жеке қосалқы шаруашылықтардың құрылысына ақша алуыңызға болады. Заңмен бұған тыйым салынбаған.

«Отбасы банк» арқылы ипотеканы өтеу бойынша кез келген ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара мерзімінен бұрын төлей аласыз, бірақ міндетті түрде қарызды мақсатты пайдалануда қарыз алушының бірінші бетінде бұл тұрғын үй сатып алу деп жазылуы тиіс. Адамдар үлестік қатысу шарты бойынша және шарттарда, мысалы, біздің банкте үлестік қатысу шарты - бұл сатып алу жолы, ал мақсаты - тұрғын үй сатып алу деп нақты жазылған жағдайлар бар.

Сондай-ақ, исламдық қаржыландыру да өте жақсы деп санаймын», - деді «Отбасы банк» басшысы.

23 қаңтарда таңғы сағат 9-да «Отбасы банк» осы 7 мақсаттың барлығы толық жазылған порталды іске қосады.