Елбасының басшылығымен іске асырылған еліміздің жетістіктері, оның өршіл міндеттері мен батыл шешімдері жастар үшін жарқын үлгі болып табылады. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев - жауапты көшбасшы: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференция барысында Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек мәлімдеді.

Жас маманның айтуынша, бүгінгі жастарды еліміздің дамуына өз үлесін қосу, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын іске асыруға белсенді қатысу күтіп тұр. Бұл жауапты міндетті жас ұрпаққа Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы жүктеген.

«Біз, жас ұрпақ - Елбасының көреген саясатының нәтижесін көріп отырған бақытты ұрпақпыз. Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік жастар саясатының институционалдық негізін қалауға қабілетті жастардың өркендеуіне барлық жағдай жасалуда», - деп мәлімдеді Д. Кәрібек.

Жастарды дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды атай отырып, Д. Кәрібек «Болашақ» бағдарламасына ерекше тоқталды. Оның арқасында үздік батыс білімін алған 13 мыңнан астам түлек бүгінгі күні ұлттық экономиканың түрлі салаларында табысты еңбек етуде.

Спикер қазақстандық жастар үшін басқа әлеуметтік лифті ретінде «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Жастар кадрлық резерві», «Дарын» мемлекеттік сыйлығы, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы, тегін кәсіптік - техникалық білім беру бағдарламасы және т.б. сияқты бағдарламалар мен жобаларды атап өтті.

Елбасының жастарды қолдауға бағытталған басқа да бастамаларын атап өтіп, Дәулет Кәрібек Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің, Жастар ісі жөніндегі комитеттің және Жастар саясаты мәселелері жөніндегі өңірлік басқармалардың, «Жастар» ғылыми - зерттеу орталығының құрылуын атап өтті.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.