Денсаулық сақтау кадрларымен қамтамасыз етудің негізгі проблемалары, оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлардың теңгерімсіздігі; медицина қызметкерлерінің кәсіби қорғалмауы; медицина қызметкерлері еңбегінің төмен уәждемесі, жергілікті жерлерде әлеуметтік қолдаумен жеткіліксіз қамту; МСАК дәрігерлерінің жүктемесі; кадр ресурстарының көші-қоны.  

 «Жыл сайынғы кадрлардың кетуі кәсіби қанағаттанбау, жалақының төмендігі, ауыр еңбек жағдайлары, жауапкершіліктің артуы, сондай-ақ мансаптық өсу перспективаларының болмауы себебінен, әсіресе, таяу шет елдерге кетуі орта есеппен 1100 адамды құрайды. Осы проблемаларды шешу үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігердің жалақысы орта есеппен 30% - ға (189 мың теңгеден 246 мың теңгеге дейін) және ҚМЖ 20% - ға (120 мың теңгеден 145 мың теңгеге дейін) кезең-кезеңімен ұлғаяды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру жөніндегі шаралар заңнамалық түрде енгізілуде. Отандық медицина мектебінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде медициналық жоғары оқу орындарының шетелдік университеттермен стратегиялық әріптестік жобасы іске асырылды; шетелдік университеттердің тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау стандарттары қайта қаралды және жаңартылды. Медициналық жоғары оқу орындарының, колледждердің білім алушылары мен түлектеріне тәуелсіз бағалау заңнамалық түрде бекітілді және енгізілді», - деп атап өтті спикер.  


2019 жылдан бастап түлектерді дербес бөлу жөніндегі республикалық комиссия жұмыс істейді. 2021 жылы олар 3 мыңнан астам жас маманды жұмысқа орналастырды. Оның 96% орналастырған жерлерге барады.  

«Ауылдық денсаулық сақтауды жасақтау мақсатында жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын қабылдап, тұрғын үй бере отырып, ауылдық елді мекендер мен моноқалаларда орналасқан ұйымдарға жіберуге басымдық беріледі. Бұл жас мамандар мен олардың отбасылары үшін аса маңызды болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, жас мамандардың тек 40%- ы ғана көтерме 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін ақы, жалға берілетін тұрғын үй және басқа да шаралар түрінде әлеуметтік қолдау алады. Қостанай облысын ерекше атап өткім келеді, бұл жас дәрігерлерге үздік әлеуметтік қолдау көрсету бойынша үлгі аларлық өңір деуге боалды», - деп түйіндеді ведомство өкілі.