Биыл бос әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін жарияланған конкурсқа 2 000-ға жуық кандидат қатысты, конкурс бір штат бірлігіне 21 адамды құрады.


«Агенттік тұрақты негізде еліміздің жетекші университеттерінде Ашық есік күндері мен қонақ дәрістерін өткізеді. 2022 жылы М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-мен бірліесіп біз майнор жобасын іске қостық, Астана ІТ-мен дуальды білім беру жобасы іске асырылуда.  

Білім беру жобалары шеңберінде Агенттік қызметкерлері оқытушылармен өзара іс-қимыл жасай отырып, біздің қызметіміз үшін ғана емес, жалпы ұлттық жылыстату жүйесіне арналған қаржылық қауіпсіздік мамандары мен талдаушыларды даярлап, дәрістер береді.

Біздің қызметкерлеріміздің арасында «Болашақ» Президенттік стипендия иегерлері, ұлттық және халықаралық жоғары оқу орындарының түлектері, олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары, оның ішінде салық және банк секторында, инвестициялық қағаздар нарығында кең тәжірибесі бар қызметкерлер баршылық. Біздің есігіміз − еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосқысы келетін азаматтар үшін, креативті және талантты жастар үшін әрдайым ашық. Жалпы, бүгінгі таңда Агенттік цифрландыру мен талдауды дамытуға баса назар аударуда, бұл ретте Агенттік ішіндегі процестерді бюрократизациялау және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» пен ашық ведомствоны қалыптастыру жөніндегі жұмысқа баса назар аудару үшін барлық тетіктер қолданылады», - деді спикер.