Ведомствоның ресми өкілі Әлібек Әбділов мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен кездесу өткізудің мақсаты оларды алаяқтар туралы хабардар ету болып табылатынын атап өтті. 


«Микрозаймдар, несиелер беру - оның бәрі заңды тұрғыдан реттелген. Біздің мақсатымыз қандай әрекет заңды, қандай әрекет заңсыз екенін, алаяқтардың қалай әрекет ететінін, интернет алаяқтық дегеніміз не, қаржы пирамидаларына ұрынбаудың жолдары деген сияқты мәселелерді түсіндіру. Өмірде түрлі жағдайлар болады, сондықтан шектеу қоюдың қажеті жоқ. Жастар интернет желісінде түрлі сайттарға кіріп жатады, карталарының деректерін енгізеді. Біз алаяқтардың құрығына түсіп қалмауы үшін оларға ақпарат жеткізіп, сақтандыруға тырысамыз», - деді ресми өкіл өз жауабында.