«Бұл жарыстардың күнтізбеден түсіп қалмағанына қуаныштымыз. Бүгінде 300-ге жуық адам – жетекші гроссмейстерлер, әлем шеберлері, ерлер мен әйелдердің чемпионатқа қатысуға тіркелді. Бұл турнир Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы мен басқа да маңызды жарыстардан кейін 2022 жылғы ФИДЕ күнтізбесіндегі керемет жарыстардың бірі болады деп сенеміз. Оған әлемнің жетекші шахматшыларының 95%-ы, соның ішінде әлем чемпионы Магнус Карлсен, әлемдік рейтингтегі барлық үздік 10 шахматшы, әйелдердің көбі қатысады. Сондықтан баршаңызды теледидар алдында, интернетте және қонақжай Алматы қаласында күтеміз», – деді спикер.