Рейтингтің негізгі мақсаты – ЖОО-лар мен жұмыс берушілердің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, нарық сұранысына сәйкес кадрларды даярлау. 

«Білім беру бағдарламалары 19 критерий бойынша бағаланды. Рейтинг әдістемесі жоғары оқу орындарымен, қоғамдық қызмет сарапшыларымен ашық талқылау нәтижесінде қабылданды. Тиісінше, рейтинг әдіснамасы үнемі жетілдіріліп отырады, министрлік пен «Атамекен» ҰКП әдіснамаға енгізілген барлық өзгерістерге жоғары оқу орындарының басшылықтарын тарта отырып, ашық талқылаулар өткізді. Рейтинг үш негізгі блокқа біріктірілген: түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы, білім алушылардың жетістіктері», – деді спикер.


Рейтинг нәтижелерімен ҒЖБМ және «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында толығырақ танысуға болады.