«Биылғы оқу жылында жаңа тапсырыс 125 мың орынды құрады. Ал алдағы жылы республикалық бюджеттен осы бағытқа жұмсалатын мемлекеттік тапсырыс 50 мыңға артады. Осылайша, қабылданатын студенттер саны 130 мыңға жеткізілмек. Өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларды қамту болып табылады. Бүгінгі таңда колледждерде осы санаттағы балалар 9 бағыт бойынша қамтылған. Биылғы мемлекеттік тапсырыстың 60%-ға жуығын осы санаттағы балалар құрайды. 2025 жылға дейін кәсіби-техникалық білім мекемелерінде техникалық білім беру дамытылады. 2023 жылы техникалық бағытта оқып жатқан студенттердің саны ұлғайтылды. Басымдық металлургия, IT, құрылыс, инженерия, қызмет көрсету салаларына бағытталатын болады. Қазіргі уақытта 61 мың студент техникалық мамандықтар бойынша білім алуда», - деді спикер.