«Колледждердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік қабылдау емтихандарынан бас тартты. 9-сыныптан кейін, 11-сыныптан кейін барлығы аттестат негізінде түсе алады. Конкурс аттестаттың орташа балы бойынша өткізіледі. Айта кетейік, бұл түлектер үшін жұмысшы мамандықтарын стресссіз таңдауға мүмкіндік беретін шара», - деді спикер.


Сонымен қатар Ш. Каринова колледжге түскісі келетіндердің барлығының 4 колледж және 4 мамандық таңдауға құқығы бар екенін атап өтті. Сондықтан студент бір рет құжат тапсырып, 4 бағыт бойынша 4 конкурсқа қатысады, бұл да оқудың қолжетімділігін арттырады. Студенттерді қолдаудың және мамандықтар бойынша оқытуды насихаттаудың тағы бір шарасы студенттердің стипендия алу және жатақханамен қамтамасыз ету мүмкіндігі болып табылады.