«Бизнес старт орталықтары, яғни 2029 жылға дейін 100 бизнес инкубатор жүзеге асырылмақ. Балаларды өз жобаларын «идеядан бизнеске» дейін жеткзетіндей сүйемелдейміз. Балалар колледжді бітіріп шыққан соң өз кәсіптерін ашады, біз оларға өзін-өзі қамтуда сүйемелдейтін боламыз. Қазіргі таңда жұмысқа орналасу жақсы деңгейде», – деп хабарлады инистрлік өкілі.

Оның айтуынша, біраз жас жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастырады. Спикер бөліскен мәліметке сәйкес, 2022 жылы ТжКБ ұйымдарын 137 мың бала бітіріп, оның 77% жұмысқа орналасқан. Биыл техникалық және кәсіптік құзіреттерді меңгерген 141 мың түлек оқуын аяқтайды. Жалпы жұмысшы мамандықты таңдаған жастарды жұмысқа орналасу көрсеткішін 90 пайызға дейін жеткізу көзделгенін хабарлады.