Айта кетейік, өңірлік омбудсмендер өткен жылдан бері қызметтеріне кіріскен. Олар облыс әкімдіктерінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың құрамына кіреді.
«Әрқайсымыз балалардың құқықтарын қорғау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен және балалардың құқықтарын қорғау комитетімен 24/7 режимде өзара іс-қимыл жүргізудеміз. Біз Президент жанындағы Уәкілетті өкілмен тікелей байланыстамыз. Осыдан 10 күн бұрын Астанада өткен кездесуде біз балалардың құқықтарын қорғауға қатысты кейбір заңдарды өзгерту туралы өз ұсыныстарымызды жеткіздік. Бұл ұсыныстар аймақтардағы жұмысымыз барысында біз тап болатын мәселелердің негізінде қалыптасты. Мемлекет балалардың құқықтарын қорғауға көп көңіл бөлетінін айтқым келеді», - деді уәкіл.
Оның айтуынша, Жамбыл облысында құрылған алгоритм шеңберінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілге кәмелетке толмағандарға байланысты кез келген оқиғалар туралы барлық мәліметтер түседі.
«Біз әрбір оқиғаны бірінші кезекте, балалардың құқықтары тұрғысынан қарастыруға тырысамыз. Бұдан басқа, мамандандырылған мекемелерге, білім беру мекемелеріне өскелең ұрпақ құқықтарының бұзылуына қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргіземіз. Барлық ересек тұрғындарға айтарым: ең алдымен, балалар біздің болашағымыз екенін түсінуіміз керек. Қазір жасалып жатқанның бәрі балаларымызға тікелей әсер етеді. Әрбір ересек адам жас ұрпаққа қандай үлгі көрсететіні туралы ойлануы керек. Яғни, «балаларымыздың болашағын жақсартуға ен қандай үлес қосамын?» деген сұрақ тұрғысында ойлануға тиіс»,- деп қорытындылады өз сөзін Дәурен Багжанов.