ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шекараны күзету департаментінің консультанты Сабыр Хасанов ОКҚ алаңында 297 шақырымға жуық заңсыз балық аулау құралдары, негізінен аулар тәркіленгенін атап өтті. Табиғи мекендеу ортасына 1 142 бекіре тұқымдас балық, 64 Каспий итбалығы шығарылды. 7,5 млн теңгеге жуық сомаға әкімшілік айыппұл салынды, ал мемлекетке келтірілген залал шамамен 2,5 млрд теңгені құрады.
«Табиғатты қорғау органдары Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық және экономикалық мүдделерді қорғау бірлескен қызметін күнделікті режимде жалғастыруда. Негізгі іс-шаралар теңіз кеңістігіндегі Шекара қызметі барысында жүзеге асырылады: аумақтық теңіздегі, ортақ су кеңістігіндегі режимдерді бақылау. Шекара қызметі жануарлар дүниесінің өсімін молайту мақсатында қажетті шараларды қабылдайды», - деп түйіндеді спикер.