«2024-2029 жылдарға арналған еңбекті дамыту тұжырымдамасында «сапалы жұмыс орындары» ұғымы енгізілді, бұл жалақысы өңір бойынша медиандық табыстан жоғары, базалық әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар 6 айдан астам мерзімге созылатын тұрақты жұмыс орны. Еңбек нарығында осындай позициялар неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым тиімді дамиды. Өңірлер, ұлттық тұжырымдамалар мен бағдарламалар, жеке бастамалар бөлінісінде жұмыс орындарын құруды мониторингтеу үшін тиісті ішкі жүйе әзірленді. Бұл нақты уақыт режимінде жұмыспен қамту бөлігіндегі мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелілігін бақылауға мүмкіндік береді. Ең жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесін трансформациялау, Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен және сатып алу порталдарымен интеграциялау бөлігінде мемлекеттік инвестициялар тиімділігінің мониторингі жүйесін одан әрі кеңейту қажет. Бұл жобаны іске қажетті еңбек ресурстары жоқ өнім берушілерді алып тастау есебінен бөлінетін бюджет қаражатының әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», – деді спикер.

Сонымен қатар, ведомствода шетелдегі қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау және жұмыс күшінің ағыны жүйесіне реинжиниринг жүргізілуде. Көші-қон бойынша migration.enbek.kz бірыңғай порталы іске қосылды. Онда көші-қонға байланысты ережелер, рәсімдер мен қызметтер туралы ақпарат беріледі, бұл азаматтарға заңды түрде қоныс аударуға және басқа елдерде жұмыс істеуге көмектеседі, сондай-ақ көші-қон процестерін бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, елімізге келген пайдаланушыларға оңай қол жеткізу үшін ұқсас мобильді қосымша әзірленеді. Сондай-ақ, қандастар мен қоныс аударушылар отбасыларына цифрлық сүйемелдеу жүзеге асырылуда, оларға 25 автоматтандырылған қызмет қол жетімді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің цифрлық экожүйесі шеңберінде ««Еңбек тәуекелдерінің картасы» және «Кәсіпорындардың цифрлық картасы» сияқты жобалар іске асырылды. Еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар туралы жұмыс берушінің хабарламаларын жіберу үшін HR Enbek жаңғырту жүргізілді. Жүйелердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін жазатайым оқиғаларды тергеуді автоматтандыру үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізіледі. Сондай-ақ, кәсіптік тәуекелдерді бағалау жөніндегі мамандандырылған ұйымды таңдауды ұсынатын цифрлық платформа құру жоспарлануда, бұл тәуекелдерді тиімдірек басқаруға және кәсіпорындардың шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.