Оның хабарлауынша, өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, оның ішінде 42 мыңы – тұрақты орындар. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 47 063 жұмыс орны қамтылды. Оның 2,2 мыңы – мүгедек жандар.
«Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 8,5%-ға артып, 279 мың теңгені құрады. 35,4 мың азаматтық қызметшілердің жалақысын 26%-ға арттыруға 26,8 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. 2025 жылы 68 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның 42 мыңы тұрақты»,-деді спикер.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде өңірде 36 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, бүгінде 13-і іске қосылды, оның 3-і «Жайлы мектеп» жобасы аясында. Нәтижесінде, 7 оқушы орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен, 2 апатты мектептер мәселесі шешілмек. 9 мектеп және 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті. Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік білім беру ұйымдары бейнебақылау интеграциясымен 90,5%, дабыл нүктелерімен - 100%, турникеттермен - 86,8%, мамандандырылған күзетпен 87,9%, жоғары жылдамдықты интернетпен мектептердің 97%-ы қамтылған.
Тараз қаласындағы 172 мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы енгізіліп, қаржыландыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, әрбір ата-анаға балабақшаны өз бетінше таңдауға мүмкіндік алды. 70 мыңнан астам 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 5,6 млрд теңге, 1-11 сыныпқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан 40 мың балаға 4,1 млрд теңге қарастырылды.
Облыс оқушылары 15-ші жыл қатарынан Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша «Ең үздік команда» атанып, Республикалық олимпиаданың қорытындысымен «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды және мектептер үшін PISA зерттеуінің нәтижелері бойынша республика бойынша І орынды иеленіп, үздік нәтижелер көрсетті.
2025 жылы 21 білім беру нысанының құрылысын аяқтау, 10 мектепті жаңғырту, өңірдегі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ваучерлік жүйені енгізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 7,4 млрд теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 23-і пайдалануға беріледі, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында - 20 нысан. 2 қалалық медициналық мекеме күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
«Бюджет қаражаты есебінен 5 млрд теңгеге бірлік медициналық диагностикалық, 38 санитарлық машина сатып алынды, бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасын мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 42,7%-дан 40,3%-ға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7%-ға жетеді»,-деді өңір басшысы.
2025 жылы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісіктерді анықтаудың мамандандырылған жүйесін енгізу жобасын бастау жоспарда бар. Бұл аудандардың облыс орталығынан шалғай орналасуы, радиолог мамандардың тапшылығы мәселесін шешіп, ең бастысы науқастарды ерте диагностикалау және жедел емдеу тиімділігін арттырады.
Сонымен қатар жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар мен диабетте 30 бен 70 жас аралығындағы мезгілсіз өлім қаупін төмендету бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.