Инспекторлардың функцияларына олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша түсініктемелер беру; тексеру субъектілерінен оларға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті түсініктемелерді сұрау және алу; басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен ҚР әлеуметтік қорғау туралы заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау кіреді. Мемлекеттік инспекторлар тексеру нәтижелері негізінде бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, алдын алу және оларды болдырмау бойынша орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады. Өрескел бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдар салынады.
«Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 730 мыңнан астам тұрады және олар жалпы халық арасындағы үлесі 3,6%-ды құрайды. 2024 жылдың 11 айында әлеуметтік инспекторлар 2 мыңнан астам тексеріс жүргізді. Оның ішінде 2 307-сі – мүгедектігі бар адамдар үшін ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және 167-сі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша. Профилактикалық бақылау шеңберінде 629 тексеру, жоспардан тыс 655 тексеру өтті. Сонымен қатар прокуратура қойған 1190 талап бойынша тексеріс өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша қызмет көрсетішілерге орындалуға 949 нұсқама берілді және 215 млн теңгеден астам сомаға 961 айыппұл салынды», – деп атап өтті спикер.
Осы жылдың 9 айында 188 млн теңге төленді. 174 әкімдік, 167 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, 49 жеке кәсіпкер, 802 мектеп, 21 дүкен тексерілді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 266 бақылау субъектісін тексеру жоспарланған.
«Қол жеткізу бойынша негізгі бұзушылықтар: пандустың болмауы, пандустың бұрышы нормативтерге сәйкес келмейді, кіру тобында тұтқалардың болмауы, есік саңылауы енінің талаптарға сәйкес келмеуі, санитарлық-тұрмыстық үй-жай мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделмеген; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша – ағымдағы, күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі, тұрғын үй-жайлар алаңының талап етілетін стандарттарға сәйкес келмеуі, тамақтану нормалары мен талаптарының бұзылуы, дәрілік заттарды тағайындау және беру, бейнебақылау камераларын орнату, көрсетілетін қызметті алушылардың жеке істерін жүргізу, жиһазды ауыстыру және басқалар», – деп хабарлады ведомство өкілі.
Төлеген Оспанқұлов бұл бұзушылықтар 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялауды енгізудің себептерінің бірі болғанын атап өтті.