АӘК-тің басты мақсаты – аз қамтылған отбасыларды еңбекке ынталандыру және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тарту арқылы кедейліктен шығару. Әлеуметтік келісімшартты енгізудің арқасында 16 мың еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды, олардың 11,2 мыңы немесе 70%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды; 3,5 мың адам немесе 22% уақытша жұмыспен қамту шаралары көрсетілді; 426 адам (2,5%) кәсіпкерлік бастаманы дамыту үшін грант алды; 300 адам (1,9%) біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді. Нәтижесінде, 2023 жылы АӘК алушылар қатарынан кедейлік жағдайынан 54,3 мың адам шықты. Ағымдағы жылы олардың саны 52,5 мың адамды құрады. Вице-министр бірқатар мысал келтірді.   

«2023 жылы Отбасының цифрлық картасы іске қосылды, ол 84 параметр негізінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының деңгейін айқындайды. Орталық комитеттің деректері негізінде мемлекеттік органдар мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі ахуалды талдай алады. Ағымдағы жылы D және E санаттарындағы отбасылар санын азайту бойынша әкімдердің KPI енгізілді», – деп атап өтті спикер.  

Әкімдер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, отбасыларды дағдарыстық және шұғыл санаттардан неғұрлым қолайлы санаттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдауда. 1 тамыздан бастап отбасылар саны 1,5 млн-нан 1,3 млн-ға дейін төмендеді, яғни контингент 15%-ға азайды. ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ қолданыстағы деңгейден төмен емес, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалды.  

«Кедейлік шегін анықтау кезінде медиандық кірісті енгізу АӘК мөлшерінің азаюына әкелмейтінін атап өткен маңызды. Сонымен қатар АӘК алушылар санының өсуі болжануда», – деді Олжас Анафин.  

Вице-министр 2025 жылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытынды шығаратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландырылатынын айтты. Олар үшін FSM Social мобильді қосымшасы әзірленді. Ол пилоттық режимде Алматы облысының Қонаев қаласында сынақтан өткізіледі. 2025 жылдың қаңтарынан бастап оны бүкіл ел бойынша енгізу жоспарлануда.