Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы бөлімше зорлық-зомбылық жағдайларын ерте анықтаумен, мониторингпен және жеделден қоюмен, сондай-ақ қайталанатын зорлық-зомбылық тәуекелін бағалау және агрессорларды қайта әлеуметтендірумен айналысады. 

«Жедел топтар жағдайды талдаудың цифрлық құралдарын пайдалана отырып, отбасылық зорлық-зомбылық жағдайларына байланысты жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді. Ресми өтініштер түскенге дейін, оның ішінде жанжалдар туралы бұрын келіп түскен хабарламалар негізінде де зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Зардап шеккендерді қорғаудың күшейтілген шаралары әзірленді, оның ішінде қорғаныс ережелері, уақытша баспана және полицияның сүйемелдеуі сынды тетіктер бар. Жәбірленушілер мен куәгерлер айғақ беруден қорықпауы үшін оларға психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі», – деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров. 

Сонымен қатар зорлық-зомбылық әрекетінің қайталану ықтималдығын анықтау қаупін бағалау құралы енгізілді. Бұл кейіннен зиянды агрессорлармен мақсатты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте оларды қайта тәрбиелеу мәселелері азаматтық қоғам өкілдеріне жүктеледі. 

Сондай-ақ Ренат Зұлқайыров құқық бұзушыларға мәжбүрлеп психологиялық көмек көрсету және оңалту жүйесі күшейтілгенін, қорғау нұсқамаларын бұзған адамдарды бақылаудың жаңа тетіктері енгізілгенін айтты.

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерді қорғаудың барлық кезеңінде жеке сүйемелдеу қамтамасыз етілген.

Дағдарыс орталықтары және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл нығайтылды.

Қорғаудың жаңа формалары енгізілді, мысалы, агрессорды басқа тұрғын үйі болмаса да, үйден уақытша шығару. 

«Ең бастысы – ішкі істер органдарының барлық қызметінің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сигналдарды сапалы және жедел қарау жөніндегі жұмысын үйлестіру. Сондай-ақ жәбірленушілерге көмек көрсету және агрессорларды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасау», – деп қорытындылады спикер. 

ІІМ-де отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар деңгейінің төмендеуі, зорлық-зомбылық құрбандарына дереу көмек көрсету, азаматтардың қайта өтініш беру жағдайларының төмендеуі және зорлық-зомбылық фактілеріне тиімді ведомствоаралық ден қою күтілуде.