Оның айтуынша, биыл қаңтар айында 10 мың дебошир әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 700-і қамауға алынды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 25%-ға жоғары. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мақсатында полиция қызметкерлері 10 мыңға жуық қорғау нұсқамасын шығарды. 

«Полицияның өтініші бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 2 400  ерекше талап белгіледі, олардың жартысынан көбі құқық бұзушыларға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынған. Заңдағы жаңа норма бойынша 51 құқық бұзушы тұрғын үйден уақытша шығарылды, оларға әлеуметтік бейімделу орталықтарында өз іс-әрекеттері үшін ойлану, яғни осы уақыт аралығанда ақылға келу ұсынылады немесе айтып өткендей заң нормаларына сәйкес отбасын қолдау орталықтарында олармен психологтар жұмыс істейді», – деді спикер.

Сонымен қатар 48 дебоширге қатысты соттар денсаулық сақтау органдарында міндетті психологиялық көмек алуды тағайындады. Барлығында бақылау істері жүргізіліп, полицияның күшейтілген бақылауы белгіленді. Олардың тарапынан белгіленген шектеулерді бұзған 2 300  бұзушылықтың жолы кесілді.

Бүгінгі таңда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 74 дағдарыс орталығы көмек көрсетеді. Жыл басынан бері дағдарыс орталықтарына 1 мыңнан астам әйел жіберілді, олардың 708-і балаларымен баспанаға орналастырылды.

Айта кетерлігі, елде бұл мәселеге деген көзқарас өзгерді. Жәбірленушілердің өздері, туыстары мен көршілері мұндай фактілер туралы белсенді түрде хабарлай бастады. Осыған байланысты ауыр зардаптардың алдын алу жүзеге асырылады. Сонымен қатар ғалымдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нақты себептері әлеуметтік тұрақсыздық пен өмірлік қиын жағдайдың салдары, моральдық негіздердің төмендеуі, адамдардың бір бөлігі қоғамнан оқшаулануы, алкоголизм, нашақорлық және лудомания екенін дәлелдеген.

«Осыған байланысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарау жөніндегі Жол картасын қабылдады. Негізгі екпін – өмірлік қиын жағдайларға тап болған, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарды уақытылы анықтау және мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігін арттыру. Өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтар құрылды. Осы топтардың жұмысы барысында ағымдағы жыл басынан бастап полиция қызметкерлері мекен-жайы бойынша 4 мыңға жуық отбасын қарап, мемлекеттің көмегіне мұқтаж 151 отбасын анықтады. Анықталған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілді», – деді ведомство өкілі.

Елде отбасын қолдау орталықтары институты заңнамалық түрде енгізілді, өңірлерде осындай 48 орталық ашылды. Отбасын қолдау орталықтары барлық мемлекеттік органның қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын үйлестіреді. Жаңа бөлімшесінің қызметкерлері өз қызметінің бекітілген қағидалары шеңберінде осы орталықтармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Бірлескен жұмыс құрбандарды кешенді қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және агрессорларды оңалтуға бағытталған.