Оның айтуынша, «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы екі кезеңмен ұйымдастырылған. Бірінші кезең 6-7 ақпанда елдің батысы мен оңтүстігінде су тасқынын жоюды тәжірибелік пысықтаумен өткізілді.

«Оқу-жаттығу барысында қорғаныс бөгеттерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту, инертті материалдарды алдын ала дайындау бойынша іс-шаралар пысықталды, сондай-ақ халықты хабардар ету, зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыру тетігі тексерілді», – деп нақтылады спикер.

Әсет Жылқайдаровтың мәлімдеуінше, наурыз айында еліміздің басқа өңірлерінде де осындай іс-шараларды қамтитын оқу-жаттығудың екінші кезеңі жоспарланған.