«Ұлттық ұлан академиясы командалық-тактикалық бағыты бойынша бакалавриатта 9 мамандық дайындайды. Олар: Ұлттық ұлан, Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс, Зымыран артиллериялық қару-жарақ, Әскерлерді автомобильмен қамтамасыз ету, әскерлерді инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, Байланыс әскерлері, Тылды қамтамасыз ету, Әскери барлау және Әскери педагогика бойынша. Ал, магистратурада «Әскери тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша даярлайды», – деді спикер.