«Соңғы айларда KazAK Мeta компаниясымен белсенді, ашық және сындарлы келіссөздер жүргізді. Біздің мақсатымыз басынан бастап айқын әрі өзгеріссіз болды – қазақстандық авторлардың шығармалары цифрлық платформалар арқылы кең халықаралық аудиторияға қолжетімді бола бастаған сайын, олардың дауыстары мен құқықтарының құрметтелуін және қорғалуын қамтамасыз ету. Ашық диалогтың арқасында біз назардан тыс қалмайтын жақсы нәтижеге қол жеткіздік», – деді Айнұр Есендікова.

Оның айтуынша, жаңа келісім күшейтілген есеп беру жүйесін қамтиды. Сондай-ақ құқық иелеріне әділ және уақытылы өтемақы төлеу де маңызды элемент болып табылады. 

«Екі тараптың есеп беруі мен келісіміндегі айқындық Kazak-қа төлемдерді барынша ашық және дәл бөлуге, біздің мүшелеріміз бен халықаралық әріптестеріміздің сенімін нығайтуға, сондай-ақ авторлардың үлесі шынымен бағаланатынын растауға мүмкіндік береді. Жылдам өзгеретін цифрлық шындық жағдайында біздің міндетіміз –уақытпен қатар жүру ғана емес, сонымен қатар авторлардың мүдделеріне басымдық беру. KazAK Қазақстанда да, халықаралық аренада да авторлар мен композиторлардың мүдделерін қорғауға берік. Бүгінгі келісім бұл міндеттемені растайды», – деді спикер. 

KazАК бас директоры Мeta-ға сындарлы диалог үшін алғысын білдірді, сондай-ақ бұл келісім Мeta компаниясының цифрлық сервистерін дамыту үшін тұрақты негіз құра отырып, қазақстандық нарықта заңды түрде жұмыс істеуінің маңыздылығын қамтамасыз ететінін айтты. 

«Біз платформалар мен KazAK сияқты ұжымдық басқару ұйымдары арасындағы берік әріптестік қарым-қатынас тараптар үшін тиісті қорғауды, тануды және өтемақы алатын әділ цифрлық болашақ құруда шешуші мәнге ие екеніне сенімдіміз», – деп қорытындылады Айнұр Есендікова.