Оның мәлімдеуінше, биыл ірі 1 мың МВТ-тық ЖЭК, яғни жел электр станциясын салу бойынша аукцион өткізілді.
«Қазақстандық инвесторларды тартып, 4 ірі компания қатысып, жақсы нәтиже болды. 1 мың МВт, қосымша 300 МВт тиісті аккумуляторлық энергияны сақтау механизмдерімен бірге жасалып жатыр. Сондықтан жалпы осы энергетиканың даму мәселесін қарастырып жатырмыз. Әрі қарай қосымша электр желілерін де дамыту мәселесі бар. Ірі халықаралық жобаларға да қатысып жатырмыз. Оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз етуге байланысты көрші Қырғызстан, Өзбекстан елдерімен ынтымақтастық орнаттық. Қырғызстанмен «Қамбар ата» су электр станциясын салу жобасына бірге дайындық жасап жатырмыз. Ол тек сумен ғана қамтамасыз етпей, Орталық Азияның энергетика жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне үлкен әсер тигізеді», – деп қорытындылады спикер.