Оның айтуынша, жоба төңірегінде олардың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыруға ғана емес, киберқауіпсіздік тақырыбын зерттеуге де ерекше көңіл бөлінеді. Қатысушылар бюджетті жоспарлау мен қарыздық шеңгелден шығуға, яғни артық кредиттік жүктемесінен арылу тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар жоба қатысушылары өзінің ІТ әлеуетін жетілдіріп, чат-боттар мен бейнеанимациялар жасап, промпт-инжениринг негіздерін үйренеді.
«Сабақтар онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Жоба аясында Түркістан, Шымкент, Астана және Алматы қалалары мен Маңғыстау облысында тегін офлайн workshop өткізіледі. AqylTech және IT-Aiel – бұл тек жай ғана оқу емес, өмірді өзгертуге арналған жобалар», – деп түйіндеді спикер.