2026 жылы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылу деңгейі 90%-ды құрайды.
Бұдан бөлек, жаңа базалық станцияларды орнату кезінде тағы 19 елді мекенде интернет желісінің сапасы 4G деңгейіне дейін арттырылды, Тараз қаласында 5G-мен 45 базалық станция іске қосылды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 96 сергек және 800 бейнебақылау камерасы орнатылды, 17 дана мамандандырылған автокөлік құралы сатып алынды.