«Осыған байланысты министрлік Қытайдың, Америка Құрама Штаттарының, Еуропа елдерінің және басқа да халықаралық серіктестердің тәжірибесін зерделеп, қолдануда. Біз үшін шетелдік тәжірибені жай ғана қабылдау емес, үздік тәжірибелерді еліміздің жағдайына бейімдеу маңызды», – деді спикер.

Осы жұмыстар аясында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу бойынша оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, тағылымдамалар өткізу және іссапарларды ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық ғылым академиясын, және басқа да ғылыми ұйымдарды қоса алғанда, ғылыми және академиялық қауымдастықпен өзара іс-қимылды дамытып жатыр.