«Біздің ахуалдық орталықтар үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Оған үнемі жергілікті байқаушыларымыздан ақпарат түсуде. Ол ақпарат өңделіп, тексеріліп, жүйеленеді. Қазір сол мәліметтер бойынша әрбір сайлау учаскесіндегі жағдай қалыпты. Дауыс беру өтіп жатыр. Комиссия мүшелері белгіленген тәртіп бойынша атқарып жатыр. Азаматтардан осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін қандай да бір заң бұзушылықтар не болмаса арнайы көңіл бөлетін жайттар орын алған жоқ. Біздің байқаушыларымыз дауыс учаскелері жабылғаннан кейін санақ жүргізу үрдістерін толық байқап, өздерінің хаттамаларын бізге береді. Соларды қорытындылап, осы науқанға қоғамдық ұйым ретінде бағамызды беретін боламыз. Халықтың саны көп, көңіл-күйі көтеріңкі», – деді спикер.