Халықтың 10% екпе тегін жасалады, осы мақсатта 2 млн-нан астам доза вакцина сатып алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығын Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов мәлімдеді. Ол сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде жұқпалы аурулардың алдын алуға тоқталды.
Бекеновтың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 500 мыңнан 1 млн-ға дейін ЖРВИ жағдайы тіркеледі, ЖРВИ-мен ауыратындардың басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды - 64% астам. Сонымен қатар, ағымдағы эпидемиялық маусым COVID-19 бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты алаңдаушылық тудырып отыр.
«COVID-19 жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатқандықтан тұмаумен салыстыру жасалды. Біріншіден, COVID-19 бен тұмау вирустарымен ауру белгілері ұқсас. Яғни, екеуі де тыныс алу жолдарының ауруын тудырады, бұл – аурудың симптомсыз немесе жеңіл және ауыр түрлеріне, өлімге әкелетін басқа да аурулар. Екіншіден, екі вирус та байланыс, тамшы және фомит арқылы таралады. Нәтижесінде, қол гигиенасы және тыныс алу этикетін сақтау (шынтаққа немесе орамалға жөтелу және тез арада тіндерден құтылу) сияқты денсаулық сақтаудың жалпы шаралары инфекцияның алдын алу үшін маңызды», - деп түсіндірді департамент директоры.
ЖРВИ, (тұмауға ұқсас аурулар) және тұмаудың эпидемиялық маусымы қазан айында басталып, мамырға дейін жалғасады. Алдағы маусымда Қазақстанда тұмаудың үш штаммы тіркеледі: A (H1N1) - Гуандун-Маонань, A (H3N2) – Гонконг, сондай–ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша Қазақстанда қолданылатын үш валентті вакцинаның құрамына енгізілген B-Вашингтон.
«Жыл сайын Қазақстанда қазан айынан бастап халықтың 10%-дан астамы вакцинацияланады. 2020 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «Гриппол +» вакцинасының 2 млн астам дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында А(H3N2) және А(H1N1) және В тұмауы штаммдарының антигендері бар», - деді Ж.Бекенов.
Жалпы, 2019-2020 жылдардағы эпидмаусымда республика бойынша ЖРВИ-дің 426818 мың жағдайы тіркелді, оның ішінде 2545 жағдайы зертханалық расталған тұмау болып шықты. Қазақстанда тұмаудан басқа тұмауға ұқсас вирустар да айналымда болады. Өткен маусымда 5 мыңға жуық үлгі зерттелді.
Тұмауға қарсы екпені ақылы түрде алуға болады. Клиникалардың мекен жайлары Денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында жарияланады.