Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында МҚІСЖҚА Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жаркын Тлеукенов айтты. «Жастар жылының салтанатты ашылуында Мемлекет басшысы атап өткендей, «жастар – еліміздің заманауи әлемде бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» болып табылады. Дарынды жастар кез-келген қызмет саласында жетістікке қол жеткізе алады. Бұл жеке сектор үшін де, мемлекеттік қызмет үшін өзекті. Бүгінгі күні 22 мыңнан астам жас азамат (90932-ден 22398 немесе нақты санның 24,6%) өздерінің мансаптық талғамдарын мемлекеттік қызметпен байланыстырды.
Жастардың ел басқарудағы белсенді рөлін өткізілген мониторинг нәтижелері айқын көрсетуде», - деді спикер. Оның айтуынша, бір жарым мыңнан астам (1567) жас маман мемлекеттік қызметте түрлі басқарушы лауазымдарда жұмыс жасауда. Мысалға, 2370 ауылдық округ әкімдерінің 94-і 29 жасқа дейінгі қызметшілер болып табылады.
Ауылдағы жұмыстың тартымдылығын арттыру үшін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын мемлекеттік қызметшілерге тарату заң жүзінде қарастырылуда. Бұл жас қызметкерлерді көтерме ақымен және тұрғын үй сатып алу немесе құру үшін бюджеттік кредиттермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үздік жоғары оқу орындарының, соның ішінде Назарбаев Университетінің түлектері үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда.
Жалпы өткен кезеңмен салыстырғанда шетелдік білімі бар жұмыскерлердің үлесі 70%-ға, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары - 13%-ға, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің үлесі – 3%-ға өсті. Жарқын Тлеукенов пресс-конференция барысында мемлекеттік қызметтің тартымдылығы өсіп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі күні объективті әрі ашық іріктеу өткізу үшін барлық жағдай жасалған.
Мысалы, өткен жылы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткен конкурстарда 26 мыңнан астам (26608) жас үміткер қатысты. Олардың ішінде 10,5 мыңнан астамы (10732) түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды. Анықтама ретінде айтып өтетін жағдай, 2018 жылы жалпы 23 761 адам тағайындалды, яғни шамамен әрбір екінші тағайындалған адам – бұл 29 жастан аспаған үміткер.
«Қызметшінің сіңірген еңбегіне негізделген кезең-кезеңмен мансаптық өсу қамтамасыз етілуде. Өткен жылы ішкі конкурстарға қатысу арқылы 7 мыңға жуық жас қызметші лауазымда жоғарылату алды.
Бүгінгі күні, мансаптық үлгіге өтумен, мемлекеттік қызмет жеке мамандық ретінде қарастырылуда. Мысалы, Жапонияда мемлекеттік қызмет ұқсас қағидаттарға негізделіп құрылған.
Қолына диплом алған 22 жасар жас маман өзі үшін мемлекеттік қызмет пен жеке сектор арасында шешуші таңдау жасауы тиіс. Бұдан әрі ол таңдаған бағыттан бұрмай, іштей дамып, мансаптық саты арқылы рет-ретімен көтеріледі. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде біз мұндай үлгінің имплементациясын жүргіздік», - түйіндеді Жарқын Тлеукенов.
Спикер бүгінгі күні жұмыскерлердің мемлекеттік қызметтен кетуі сирей бастауы туралы айтты. «Соңғы екі жылда кадрлардың кету көрсеткіші 6,2%-дан аспауда. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: біріншіден, жас қызметшінің жұмысқа бейімделуіне жәрдемдесетін тәлімгерлік институтының жұмысы жақсарды; екіншіден, ұғынықты таңдау жасаған жастардың саны артып, «кездейсоқ адамдардың» саны азайды.
Басқаша айтқанда, соның ішінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын жоғарылату бойынша қабылдаған шаралар кешенінің арқасында, біз көпшілік оны «трамплин» немесе «уақытша тұрақ» ретінде қабылдау мәселесін шеше алдық», - деді спикер.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет барынша әлеуметтік бағдарланған жұмыс беруші болып қалуда. «Тәжірибесіз адам үшін жұмысқа тұру оңайға түспейтіні ешкімге де құпия емес. Рекрутингтік сайттарды қарайтын болсақ, жұмыс берушілердің көбісі еңбек өтілін талап етуде. Бұл ретте мемлекеттік қызмет жас, білімді әрі отансүйгіш жастарға ашық екені мәлім.
Жұмыс тәжірибесі жоқ, бірақ тиісті білімі мен әлеуеті бар жоғары оқу орнының кез-келген түлегі мемлекеттік қызметке, соның ішінде бірден министрлікке кіре алады», - деді ол.
Бүгінгі күні адалдық, қызметті тұтынушыға бағдарлану, жауапкершілік, бастамашылдық және өздігінен даму – барынша қажетті құзыреттер болып табылады.
Жеке құзыреттерді бағалау деп аталатын тестілеудің екінші кезеңінің нәтижелері көрсеткендей, дәл осы құзыреттер мемлекеттік қызметке кіретін жас ұрпақты барынша сипаттайды.
Қолданыстағы мемлекеттік қызмет үлгісі қызметшілердің дамуы мен олардың біліктілігін жоғарылату, қажетті білім мен дағды деңгейін өсірудің кең мүмкіндіктерін ұсынуда.
Мысалы, өткен жылы мемлекеттік органдарда тағылымдамадан 3 мыңнан астам қызметші өтсе, олардың 161-і оны фармация, құрылыс, теле-радио коммуникация, талдау және басқа бағыттар бойынша жеке және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында өтті. Нәтижесінде сабақтас салалар қызметшілерінің кәсіби білімдері өсіп, корпоративті басқару мен мәдениет элементтері қабылданады. Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру институттары белсенді жұмыс істеуде.
«Әр мемлекеттік орган ол үшін арнайы бюджет қаражатын бөлетінін атап өткен жөн. Бұл мемлекеттік қызметтің тағы бір басымдылығы, себебі жеке сектор жұмыскерлерінің біліміне әрқашан қаражат жұмсай бермейді. Сонымен бірге, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді «Болашақ» Президенттік бағдарламасының шеңберінде шетелге бағыттау мәселесі пысықталды», - қорытындылады Жарқын Тлеукенов.
«Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметі, оның ішінде кадр саясатының трансформациясы толық жүзеге асырылуда. Осы реформалардың басты векторы – азаматтардың Ұлттық бюро жұмысына деген жоғары сенімін қамтамасыз ету»,- деп атап өтті өзінің алғы сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Кадр жұмысын ұйымдастыру басқармасының басшысы Ақбілек Мядыева.
Кадр жұмыстарын қайта жаңғырту аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадрлар құрамын жаңарту маңызды фактор болып табылады.
Осы мақсатта құқық қорғау органдары арасында үміткерлерді қабылдаудың жалпы ұстанатын әдістерінен (ведомстволар арасында ауысу және бұрынғы қызметкерлердің қызметке қайта орналасуы) конкурстық іріктеуге өту жүзеге асырылды. Енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық қатардағы және басшылық лауазымдарына конкурстық негізде ғана орналасады.
Креативті ойлауы мен ескіге заманауи көзқарасы бар жас талантты адамдарға басымдық беріледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Шпекбаевтің штатты оңтайландыру бастамасы табысты іске асырылды.
«Ұлттық бюро құқық қорғау органдары арасында алғашқы болып қосалқы қызметтердің (кадрлар, заң қызметтері, қаржы-шаруашылық бөлімшелері) жұмысын орталықтандыру және автоматтандыруды өткізді. Бұл ведомствоның бизнес-процестерін оңтайландыруға, негізгі міндеттерді іске асыру үшін күштер мен қаражатты босатуға мүмкіндік берді.
Осы жұмыстардың нәтижесі әкімшілік шығындардың 1 млрд.теңгеден аса қысқаруы, Ұлттық бюро қызметкерлерінің жалақылары корпоративті сектордағы жалақы көлеміммен салыстыратындай екі есе көбеюі болып отыр. Қабылданған шаралар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің беделін жоғарылатуға және қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін нығайтуға мүмкіндік берді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Кадр жұмысын ұйымдастыру басқармасының басшысы.
Өз кезегінде Арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов азаматтық бақылау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлі туралы айтып өтті.
«Біз күнделікті жұмысымызда 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сүйенеміз және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп қана қоймай, біздің зерттеу мен нақты іс-әрекеттеріміздің нәтижелеріне үлкен көңіл бөлеміз. Арнайы мониторингтік топ – бұл біздің еліміздің белсенді азаматтарынан құралған, арнайы мониторингтік топтың әрбір мүшесі-қоғам қайраткері, өз саласының кәсіби маманы болуы, бізге мәселелерді тиімді қарауға және зерттеуге мүмкіндік береді. Мен, өз әріптестерім сияқты, АМТ төрағасының орынбасары болып табыламын және "Құпия сатып алушы" жобасы арқылы азаматтық бақылауға жауап беремін", - деді Рафаэль Гасанов өзінің кіріспе сөзінде.
Баспасөз конференциясы барысында спикер арнайы мониторингтік топ жұмысының нәтижелері туралы айтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірнеше мысалдар келтірді:
Мысалға, Қостанай облысында тұрғын үй алу түріндегі мемлекеттік қолдау бойынша балалар үйінің түлектерінің құқығы бұзылған болатын. Сонымен қатар, түлектер заңды шаршы метр алу құқығы туралы ақпараттандырылмай, 5 жылдан астам тұрғылықты жері болмаған.
Алайда, АМТ мүшелерінің араласуымен, БАҚ-да осы мәселе көптеп жариялануынан кейін түлектер кезек туралы толық ақпарат алып, оларға жатақханалардан 5 бөлме түрінде көмек берілді.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға тұрғын үй беру мәселесі бүгінгі күні өте өткір мәселе. Біздің топ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау, барлық өңірлерде объективтілік пен ашықтық үшін Байқау кеңесінің құрамына енгізу бойынша ұсыныстар берді, бүгінгі күні бұл мәселе қаралуда», - деді Гасанов.
Сондай-ақ, АМТ-тың барлық мүшелерінің араласуымен ішкі бағыт бойынша билеттердің жасанды тапшылығы фактілері және делдалдарда билет құны 2-3 есеге қымбат болғаны анықталғаны аталып өтті.
Осы фактілерден кейін, ұлттық компания жаппай ақпараттық сынға түсіп, АМТ мүшелері бірлескен күш-жігерлерін жүзеге асыру барысында «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ға ұсынымдар жіберілді, соның нәтижесінде ҚТЖ мен Агенттікпен бірге еліміздің барлық қалаларында бірлескен жобалық кеңселер ашылды.
"Сондай-ақ, бүгінгі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қоғамдық бақылау және мониторинг жүргізіліп отыратындығын атап өткім келеді. АМТ мүшелері тұрақты негізде мамандандырылған ХҚКО-да "ПОМОГАЙКА" деп аталатын проблемалық мәселелерді бірлесіп көтерді.
БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ІІМ мен "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-да қатысты сыни материалдардың жаппай жариялануы, АМТ мүшелері мен Агенттікпен ұсыныстар жіберілуіне әкеп соқты. Соның нәтижесінде 2019 жылы Алматыда қосымша 3 мамандандырылған ХҚКО ашылды және Астана мен Шымкент қалаларында ашу жоспарланған", - деп қорытындылады спикер.