«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының жалғасы болып табылады. Бағдарламаның операторлары Холдингтің еншілес компаниялары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «ҚазАгроКепіл» АҚ болып табылады.
Бағдарламаның мақсатты тобы – елдің жұмыссыз азаматтары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, зейнеткерлік жасқа толмаған адамдар, зәкірлік кооперацияға қатысушыларды қоса алғанда, шаруа және фермер қожалықтары.
Осы жылдар ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының желісі бойынша Бағдарлама аясында 117 млрд.теңгеге 52 мың шағын несие берілді, олардың көмегімен 52,6 мыңнан астам ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Оның ішінде өткен жылы - 30 млрд.теңге сомасындағы 8 мыңнан астам қарыз.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несиелер әр түрлі мақсаттарға жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі. Бұл ретте тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,7 % - дан аспайды. Несие өніміне байланысты кезеңі, сомасы, жеңілдік кезеңінің ұзақтығы өзгереді. Сондай-ақ, Қорды несиелеу жағдайында аграрилер қызметінің ерекшелігі, оның ішінде ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығы мен циклділігі ескерілді.
Ағымдағы жылы Қор 62,1 млрд. теңге сомасында қарыз беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша – 27,5 млрд.теңге, Нәтижелі жұмыспен қамтудың қайта инвестицияланған қаражаты есебінен – 6,6 млрд. теңге, өз қаражаты есебінен – 11,7 млрд. теңге.
Ағымдағы жылдың негізгі бағыттары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында басым несие өнімдері бойынша қаржыландыру және АӨК дамыту бағдарламасы аясында етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру болып табылатынын айта кету керек. Өз кезегінде Аграрлық несие корпорациясы Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландыруды микроқаржылық ұйымдар арқылы жүзеге асырады - олардың барлығы Қазақстан бойынша - 18 және Несие серіктестіктері арқылы - бұл бүкіл ел бойынша 190-нан астам. Бұл сату арналарының санын арттырады және аудан орталықтары мен шалғай ауылдарда несие алуға мүмкіндік береді.
Корпорация қарыз алушыларға 84 айға дейінгі мерзімге 8000 АЕК дейін несие береді. НС / МҚҰ қарыз алушылары үшін сыйақы мөлшерлемесі -жылдық 6%. Несие мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, сондай-ақ ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығы емес бизнес түрлеріне беріледі.
2019 жылы Корпорация Бағдарлама аясында 17,482 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды жоспарлап отыр. 3 420 шағын несиенің ішінен стартап жобаларға 684 шағын несие және зәкір кооперациясы, «NEET санатындағы жастар, жас кәсіпкерлер, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көп балалы отбасылар, аз қамтылған еңбекке жарамды мүгедектер» санатын қаржыландыру шеңберінде жаңадан бастаған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жобалар үшін 2 736 шағын несие беру жоспарлануда. Бұл Бағдарламаға енгізу жоспарланып отырған жаңа критерийлер - кемінде 1 197 несие немесе шағын несиелердің жалпы санының 35%-ы. 17,482 млрд теңгенің 3,234 млрд теңгесі әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға қарастырылған.
Ұлттық холдингтің еншілес компаниясы – «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда қарыз алушылар бюджет қаражаты есебінен кепілдікке ие бола алады. ҚазАгроКепіл ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің стартап жобаларын бастауға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге бағытталған ауылдық жерлерде және шағын қалаларда несиелерді, шағын несиелерді кепілдендіру бөлігінде мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады. Бүгінгі күні кепілдік беру құралын 726 фермер пайдаланды, оның ішінде кепілдік алғандардың басым бөлігі - бизнесін нөлден бастаған кәсіпкерлер.
Қазіргі таңда берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 2 596 млн теңгені құрайды. Кепілдікпен берілген қарыздың орташа сомасы – 6,6 млн теңге, кепілдіктің орташа сомасы-3,2 млн теңге.
Кепілдік мөлшері өзгеріп отырады. Жұмыс істеп тұрған бизнес үшін несие сомасының 50% - на дейін жабылады. Стартап жобалар мен жұмысын бастаушы кәсіпкерлер үшін - несие сомасының 85%-на дейін.
Яғни, өз бизнесін нөлден бастағандарға несие сомасының 15%-ын жабатын кепілдіктерді табу жеткілікті. Қалған 85%-ы бойынша «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік береді.
Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компанияларының барлық филиалдарында несие беруге және кепілдендіруге өтінімдер қабылдау басталды.
Қызығушылық танытқан мәселелер бойынша call – орталықтарға (Қор 8 800 080 3505, АНК 8-8000-80-00-08) немесе облыс орталықтарының менеджерлеріне хабарласуға болады. Сондай-ақ мына сайтта: www.kazagro.kz.