Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның ірі өндіріс ошақтарының жасыл рейтинг бойынша 2018 жылғы қортындысын шығару» тақырыбына баспасөз маслихаты өтті.

Спикерлер:

  • Соловьева Айгуль Сағадибекқызы, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрайымы;
  • Мартынов Александр Сергеевич, Интерфакс-ЭРА директоры;
  • Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының өкілі;
  • Елдос Нұрболұлы Абақанов , «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының қызмет бағытының бірі экологиялық саясаттың қоғамдық институтын құру және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетілдіру болып табылады. 2018 жылы жаңа Экологиялық кодекстың тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде Ассоциация бизнестің экологиялық жауапкершілігі мен мемлекетіміздегі өңірлердің экологиялық тиімділік рейтингін дайындауды ұсынды.

Бұл құрал кəсіпорындардың қоршаған ортаға тигізетін əсері жəне олардың экологиялық саясаты тұрғысынан ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл сондай-ақ аймақтардың экологиялық мақсаттарға жетуді талдауға мүмкіндік береді. 2018 жылдың шілдесінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, Интерфакс-ЭРА агенттігімен және Халықаралық Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум қазақстандық бизнестің экологиялық және энергетикалық жауапкершілік рейтингтерін және Қазақстан аймақтарының экологиялық рейтінгін құру, рейтингті дәріптеу мақсатында ақпараттық іс-шаралар ұымдастыру, ашық экологиялық ақпараттың өзектілігі, бизнестің экологияға әсері туралы аналитикалық есептерді әзірлеу мен қоршаған ортаны жақсарту механизмдерін іздеу мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Тиімділік рейтингі 2009 жылдан бері жарияланып, 2018 жылы оның нәтижесі 10 жылдыққа тұспа-тұс келіп тұр. Жалпы алғанда 6000 ресейлік және қазақстандық компаниялар мен кәсіпорындар өндіріс процестерінің энергия қорлары сәйкестігімен ерекшеленетін 11 негізгі компаниялар топтары бойынша үйлестірді. Қазақстаннан 200-ден астам компания қатысты.

Бұл әдіснамалық негізде Ресей мен Қазақстан компаниялары үшін іргелі тиімділіктің 11 салалық рейтингі жасалды.

Абдалиева Меруерт,
e-mail:meruert_1968@mail.ru тел: +77784560999