Орталық коммуникациялар қызметінде «ТДМ-2030: Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі» атты республикалық конкурстың басталғандығы туралы баспасөз-маслихаты өтті.
Баспасөз-маслихатына «Жасыл экономиканы және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ Басқарма Төрағасы Салтанат РАХЫМБЕКОВА, Қазақстан экологиялық ұйымдар Қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос АБАКАНОВ, «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері.
БАҚ арасындағы конкурста келесідей номинациялар бар:
1) басылым беттеріндегі мақалалар (газеттер, журналдар); 2) телевизиялық хабарлар/бағдарламалар; 3) әлеуметтік желілердегі блогтарда, қаралым деңгейі жоғары сайттардағы жарияланымдар, соның ішінде бейне материалдар (#sdgoals2030 хэштегімен); 4) радиодағы хабар/бағдарлама.
Байқауды ұйымдастырушылар: «Жасыл экономика және G-Globalды дамыту Коалициясы» ЗТБ, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Coca-Cola» компаниясы.
Конкурсты өткізу мақсаты - тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ-2030) іске асыруды насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі-БАҚ) өкілдерін тарту және Қазақстанның жасыл экономикаға байланысты ТДМ-2030 міндеттері мен индикаторларына қол жеткізуіне азаматтық қоғамның кең топтарының қатысуы.
2015 жылы тұңғыш рет әлемнің барлық елдері және дамыған және дамушы елдер 2030 жылға дейінгі дамудың бірыңғай 17 мақсатын БҰҰ-ның 70-ші мерейтойлық Бас Ассамблеясында қабылдады.
Осы индикаторларды қарау кезінде 17-нің 15-і «жасыл» экономикаға тікелей қатысы бар, демек 2030 жылға дейінгі Тұрақты Даму бағдарламасы адамзаттың «жасыл» экономикаға көшуіне бағытталған. 2017 жылы БҰҰ ТДМ үздік тәжірибелерін алмасу және жинақтау, ұсыныстар жинауға арналған жобаны іске қосты. 2018 жылы Қазақстанда ТДМ-2030 Қазақстанның уақтылы қол жеткізуіне жәрдемдесу үшін жұртшылықтың қатысуымен 5 ведомствоаралық топ құрылды.
5 топтың әрқайсысы жеке министрге бекітілген: «Адамдар» тобы - №1-5 мақсаттар (ХӘҚМ), «Гүлдену» тобы - №7-11 мақсаттар (ҰЭМ) «Ғалам» тобы – №6,12-15 мақсат (ЭМ), «Әлем» тобы - №16 мақсат (АҚКМ), «Әріптестік» тобы - №17 мақсат (СІМ).
«Жасыл экономика және G-Globalды дамыту коалициясы» (бұдан әрі - Коалиция) бірнеше жұмыс тобының мүшесі және өз қызметін ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесін ескере отырып жүргізеді. Осы тұрғыдан алғанда, коалицияның неғұрлым кешенді жобасы 2015 жылы басталған «Арнасай - Қазақстанның алғашқы жасыл ауылы» ұзақ мерзімді жобасы саналады.
Коалиция жобасының құндылығы- Жасыл экономика арқылы ауылдық жерлерде ТДМ-2030-ға қол жеткізуге арналған неғұрлым тиімді жолдарды, типтік шешімдер мен тәжірибелерді, сондай-ақ оларды насихаттау, тарату және тираждау тәсілдерін анықтауында.
Сондай-ақ жұмыс топтарының қызметін және ТДМ-ның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік салалық және жергілікті бағдарламалардың қабылданған мақсаттарымен өзара байланысын кеңінен жариялау ұсынылады.
Жарияланған конкурс ТДМ-2030 тақырыптарының кең спектрін жариялауда БАҚ-тың белсенділігі мен кәсібилігін арттыруға бағытталған. Байқау жасыл экономикаға байланысты салаларда Қазақстанның ТДМ-2030 саласындағы үздік бастамаларды табуға көмектеседі. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қатысуымен БАҚ, теледидар, радио, әлеуметтік желілерде тақырыптарды кеңінен талқылауды ұйымдастыру.
Журналистерге мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының, бизнестің, ғылым мен ҮЕҰ, Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің қызметіне ТДМ көрсеткіштеріне қол жеткізу тұрғысынан қарау міндеті тұр. Және ТДМ-2030-ға қол жеткізу ретінде Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін, оның түрлі әлеуметтік-экономикалық және инновациялық рейтингтерін жақсартуға, халықаралық инвестицияларды тартуға, Қазақстанмен ынтымақтасуға ниет білдірген туристер мен бизнесмендердің ағынын кеңейтуге қалай көмектесетінін айқындайды.
Байқауға эфирден, радиодан өткен және баспа БАҚ-да 2019 жылдың 1 қаңтарынан 20 қыркүйегіне дейінгі кезеңде жарияланған жұмыстар қабылданады. Байқау барысы туралы ақпарат ұйымдастырушылардың сайтында жарияланады ( www.greenkaz.org). Жұмыстар қолма-қол қабылданады (010000, Астана қаласы, Темірқазық көшесі, 65 экономика үйі, 117 кабинет) және электронды түрде электрондық мекен-жайға жіберіледі greenkaz.kz@gmail.com «Конкурс» белгісімен.
Қазылар алқасына министрліктердің өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері мен сарапшылар шақырылды. Конкурс финалистері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталады. Конкурс жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарға ие болады. Марапаттау рәсімі 2019 жылдың 7-8 қарашасында өтеді.
Аккредитация және қосымша сұрақтар үшін: Меруерт Абдалиева: meruert_1968@mail.ru Байланыс тел.: 999-402, 87784560999