2019 жылдың 19 наурызында Орталық Коммуникациялар Қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастамашылық еткен білім беру қызметтерін қаржыландырудың балама көзі ретіндегі Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) тақырыбында баспасөз маслихаты өткізілді.
Баспасөз маслихатына «Қаржы Орталығы» АҚ президенті Асқар ИБРАИМОВ, «Қаржы Орталығы» АҚ департамент директоры Біржан ӘЛІМЖАНОВ қатысты.
2013 жылдың 14 қаңтарда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – бұл халық үшін банкте өзінің оқуына немесе балаларының болашақта оқуына ақша қаражатын жинап, оған банктен сыйақы мен мемлекеттен 5% және 7% мөлшерінде сыйлықақы алуға мүмкіндік.
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындау туралы» 2013 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен осы бағдарламаның операторы болып «Қаржы орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) айқындалды.
2018 жылы МБЖЖ «AQYL» деп аталатын өзінің жеке брендін алды.
Қоғам білім беру жинақтау салымына есепке жазуға жататын мемлекет сыйлықақысының сомаларын есептеуді жүргізіп, оны қатысушы банктерге ұсынады.
Бағдарлама қолданысқа енгізілгелі бері 2 570 283 млрд.теңге сомасына мемлекет сыйлықақысы аударылды. Оның ішінде, 2015 жылы 656 салымшы бойынша – 4 748 млн теңге, 2016 жылы 9 505 салымшы бойынша – 325 657 млн. теңге, 2017 жылы 13 013 салымшы бойынша – 566 947 млн. теңге, 2018 жылы 14 739 салымшы бойынша – 757 409 млн. теңге, 2019 жылы 15 636 салымшы бойынша – 915 522 млн. теңге мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы есептелді.
МБЖЖ салымдарын мынадай қатысушы банктерде ашуға болады:
- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 10,4%;
- «Цеснабанк» АҚ - 8,3%;
- «Нұрбанк» АҚ - 10,5%.
- «Банк ВТБ» АҚ - 6,2%.
-
Қазіргі уақытта МБЖЖ салымдарының есебінен білім алып жүрген студенттердің мониторингін жүргізу үшін МБЖЖ саласында Қазақстан Республикасының ЖОО-ларымен 109 келісім және колледждерімен 535 келісім жасалды. Бүгінгі таңда 489 салымшы МБЖЖ шеңберінде колледждерде және ЖОО-ларда білім алуда.
Айта кету керек, AQYL депозиттері үшінші тұлғалар тарапынан өндіріп алу шараларынан қорғалған және 10 млн. теңгеге дейінгі сомада мемлекет тарапынан кепілдендірілген. Бұл аталған депозиттің сақталуына және ұзақ мерзімділігіне сенімді болуға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпаратты www.fincenter.kz сайтында, және +7 (7172) 695-045, 695-037 телефоны арқылы алуға болады.