Қазақстанның ЖІӨ-не қосқан үлесі: 56,5 млрд теңге (+33,2%). Автокөлік құралдарының өндірісі: +29,6%. Жергілікті құрастырылған автокөліктерді өткізу: +39,4%. Ішкі нарықта ҚазАвтоПром үлесі 45,7%-дан 54,6%-ға дейін ұлғайды. Қазақстандықтардың жергілікті өндірілген автокөліктерді сатып алуға жұмсаған шығындары: 48,7 млрд теңге (+66,2%). Жергілікті құрастырылған брендтердің TOP-5: Lada, Hyundai, KIA, Skoda, Chevrolet. Модельдердің TOP-5: Lada Granta, Hyundai Tucson, Lada 4x4, Lada Vesta, Hyundai Accent.
«ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы республиканың автоөндірушілерінің 2019 жылдың I тоқсанындағы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат береді.
«ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының директорлар кеңесінің төрағасы ОЛЕГ АЛФЁРОВ:
«Бірінші тоқсанда автоөнеркәсіп қазақстандық экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан саласына айналды, елдің ЖІӨ-не автоөндірістің қосқан үлесі 33,2%-ға артты. Қаңтар-наурыз аралығы 2015 жылдан бастап өндіріс көлемдері бойынша екінші үздік тоқсанға айналды. Саланың кәсіпорындары өндірістік көрсеткіштерді бес жыл бұрынғы дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен 89,5%-ға қалпына келтірді.
Қазақстандық автоөндірушілердің ұсыныстарына деген сұраныс одан да жоғары қарқынмен ұлғайып келеді. Олардың сатылымдары өткен жылғы сандармен салыстырғанда 39,4%-ға артты, ал тоқсандық нарықтық үлесі аталмыш саланың тарихында алғаш рет 54,6%-ға жетті. Бүгінгі күні жаңа автокөліктерді сатып алушылардың жартысынан көбі ел ішінде шығарылған модельдерді таңдайды. Олардың үштен екі бөлігі ірі өндірушінің - «АЗИЯ АВТО» зауытының автокөліктерінің желісін таңдайды. Клиенттердің жартысына жуығы LADA модельдік қатарын ұнатады.
Алайда, жеңілдікпен автонесие берудің мемлекетттік бағдарламасы арқылы қаржыландыру анағұрлым қарқынды әрі ырғақты болған жағдайда саланың тоқсандық қорытындылары айтарлықтай жоғары болар еді. Есептік тоқсанда қазақстандық техниканы сатып алушылардың 4% ғана осындай несиені пайдалана алды. Бұл - аталмыш мемлекеттік бағдарлама іске асырылып келе жатқан төрт жылдық тарихтағы осы бағдарламаның ең төмен үлесі. Дегенмен, сәуір айынан бастап сатып алушылар осы бағдарламаның жаңа қаржыландыру траншына қолжетімдік алуы ықтимал. Жеңілдікпен автонесие беруді белсендіру салалық дамуға қосымша тұрақтылық береді».
Есептік кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстанның аумағында жалпы құны 56,5 млрд теңгеге 8 822 бірлік автокөлік құралдары (соның ішінде жеңіл және жүк автокөліктері, автобус техникасы, арнаулы машиналар және тіркемелер) өндірілді. Шығару көлемінің заттай көрінісі өткен жылғы көрсеткіштен 29,6%-ға асып кетті. Жеңіл автокөліктердің өндірісі 27,9%-ға ұлғайып, 8 304 бірл. көрсеткішіне жетті. Қаңтар-наурыз айларының қорытындылары бойынша автобус техникасын (149 бірл.) шығару 6,8 есе ұлғайды. Сондай-ақ жүк автокөліктерінің (205 бірл.) өндірісі 15,8%-ға ұлғайды, тіркемелердің өндірісі 94 бірліктен 151 бірлікке дейін ұлғайды. Арнаулы техниканы шығару 19 бірліктен 13 бірлікке дейін азайды.
2019 жылдың қорытындылары бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 2 902 бірлік автокөлік құралдары шығарылды, бұл 2018 жылғы нәтижеден (2 552 бірл.) 13,7%-ға артық.
Отандық автозауыттардың өнімдерін өткізу жыл басынан бастап 7 511 бірлікке жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (5 390 бірл.) 39,4%-ға жоғары. ҚазАвтоПром кәсіпорындарының нарықтық үлесі 54,6%-ға дейін ұлғайды, ал өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде 45,7% болған. Тұрғындар жергілікті құрастырылған автокөліктерді сатып алуға жұмсаған шығындары 48,7 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 66,2%-ға жоғары.
Жергілікті құрастырылған автокөліктер сегментінде басым жайғасым «АЗИЯ АВТО» АҚ тиесілі – 4 553 сатылған автокөлік немесе отандық техниканы жиынтық өткізудің 60,6%. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 2 619 бірлік өткізді (сегменттегі үлесі – 34,9%). Отандық автоөндірушілердің өнімін өткізу рейтингінде одан әрі «СемАЗ» ЖШС (166 бірл.; 2,2%), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (95 бірл.; 1,3%), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (43 бірл.; 0,6%) және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (35 бірл.; 0,5%) жайғасты.
Қазақстандық құрастырылған жеңіл автокөліктердің анағұрлым көп сұранысқа ие брендтерінің бестігін ү.ж. I тоқсанының қорытындысы бойынша Lada (3 354 бірл.), Hyundai (2 322 бірл.), KIA (845 бірл.), Skoda (178 бірл.) және Chevrolet (169 бірл.) құрады. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізіміне сондай-ақ JAC (96 бірл.), UAZ (46 бірл.), Ravon (10 бірл.) және Peugeot (9 бірл.) кірді.
Жергілікті өндірілген жеңіл автокөліктерді сату рейтингін Lada Granta (1 327 бірл.), Hyundai Tucson (934 бірл.) және Lada 4x4 (717 бірл.) бастады. Қазақстандықтар арасында сұранысқа ие модельдердің тізімін сондай-ақ Lada Vesta (715 бірл.), Hyundai Accent (567 бірл.), Hyundai Elantra (481 бірл.), Lada Largus (442 бірл.), KIA Rio (342 бірл.), KIA Sportage (242 бірл.) және Hyundai Creta (1 112 бірл.) толықтырды.
2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында 300 автокөлікті жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасына қатысушылар сатып алды. Олардың үлесіне жергілікті өндірілген автокөліктер сатылымының 4% тиесілі.
Ескі автокөліктерді сатып алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында қазақстандықтар 2019 жылдан бастап 2 170 бірлік техниканы кәдеге жаратуға тапсырды. ҚШКҚ кәдеге жарату бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша жаңа көлік құралдарын сатып алу үшін 1 956 жеңілдік сертификаттары берілді. Автосалондарда барлығы 952 сертификат пайдаланылды, оларға қазақстандықтар 517 отандық автокөлік сатып алды.
Кәсіпорындардың республиканың ЖІӨ құрылымына енгізген үлесі тоқсанның қорытындылары бойынша 56,5 млрд теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 33,2%-ға асып түсті. Осылайша, автоөнеркәсіп есептік кезеңде қазақстандық экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан саласына айналды.
«ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ – Қазақстанның автомобиль индустриясының аса ірі қатысушыларын біріктіретін салалық одақ. 2015 жылы құрылды. Одаққа қатысушы-кәсіпорындардың үлесіне қазақстандық автоөнеркәсіп өнімдерінің шығарылымының 60%-дан астамы және республиканың автомобиль саласындағы 40%-дан астамы тиесілі.
Одақ Қазақстан Республикасының алты министрлігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде аккредиттелді: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ), Ішкі істер министрлігі (ІІМ), Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ), Қаржы министрлігі (ҚМ), Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) және Энергетика министрлігі (ЭМ). Одақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ мүшесі болып табылады, сондай-ақ «Объединение автопроизводителей России» КеС (ОАР) серіктесі болып табылады.
«ҚазАвтоПром» Одағы Автоөндірушілердің халықаралық ұйымында – OICA (1919 жылы негізі қаланды, штаб-пәтері Париж қаласында) Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін толыққанды өкілдейді. OICA 39 аса ірі автоөндіруші-елдерді біріктіреді, БҰҰ-да аккредиттелген жалғыз салалық бірлестік болып табылады және Еуропа Экономикалық Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) автокөлік құралдарының қауіпсіздік стандарттарын әзірлеуге тікелей қатысады.
«СПАОК «ҚазАвтоПром» ҚАСКО» ЗТБ баспасөз қызметі +7 7172 95 41 50, 24 81 34 | info@kazautoprom.kz | www.kazautoprom.kz Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 8, Изумрудный Квартал БО, Б блогы, 8 қабат