2019 жылдың 22 сәуірінде Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Вакцинамен бірге қорғалайық!» тақырыбында Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Баспасөз-конференциясына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек БЕКШИН, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий ОКСАМИТНЫЙ қатысты.

Қазақстанда иммундау апталығы 2018 жылғы 24-30 сәуір аралығында өтеді.

Қазіргі халықтың көшіп-қону процестері артқан жағдайда эндемиялық елдерден кез келген елге, оның ішінде Қазақстанға да полиомиелит, қызылша, пандемиялық тұмау және басқа да инфекциялық аурулар қоздырғыштарын әкелу қаупі бар. Осыған байланысты иммундау апталығының мақсаты халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, егулермен толық қамту деңгейін арттыру болып табылады, бұл вакцинамен басқарылатын инфекциялық ауруларды Қазақстанның аумағына әкелген кезде олардың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда иммундық профилактика профилактикалық денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында вакцинациялау арқасында инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық саламаттылыққа қол жеткізілді. Жыл сайын Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам, оның ішінде 1,3 млн. бала егіледі. Қазақстан Республикасында мақсатты инфекцияларға қарсы вакцинациялаумен қамту 95-96%-ды құрайды, бұл ДДС ұсынатын шектерде.

Иммундау көмегімен инфекциялық ауруларды және олардан болатын өлім-жітімді төмендету үшін көп жұмыс жасалды. Соңғы 20 жылда халық арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың 1998 жылы тіркелген 15346 жағдайдан 2018 жылы 1 жағдайдың тіркелуіне алып келді, эпидемиялық паротиттің 140 еседен астам, «А» және «В» вирустық гепатитінің 40 есеге төмендеуі байқалады. Көкжөтелмен сырқаттанушылықтың тұрақты төмен деңгейі ұсталуда, дифтерия мен сіреспенің ішінара жағдайлары бар.

2002 жылы Қазақстан полиомиелиттен еркін аумақ ретінде сертификатталды. Алайда кейбір елдерінде полиомиелит жабайы вирусының айналымы жалғасуда, сондықтан полиомиелитке қарсы вакцинациялау жалғастырылуда.

Вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-профилактикалық препараттар негізгі дәрілік заттар тізіміне енгізілген, халықты вакцинациялау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Қазақстан Республикасындағы Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі 21 инфекциялық аурудан қорғауды қамтиды. Біздің елдегі егулер күнтізбесі ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес келеді және көптеген дамыған елдердің (Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония) кестелеріне ұқсас.

Қазақстанда 2008 жылдан бастап вакцинаны егу үшін оларды қайта пайдалануды болдырмайтын өзідігінен бұзылатын (өздігінен бұғатталатын) шприцтерді пайдалануға өту жүзеге асырылғанын айта кету керек. Бұдан басқа иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің даму қаупін азайту мақсатында 2013 жылдан бастап балалардың пайдалануы үшін көп дозалы вакциналар бір дозалы қаптамадағы вакциналарға ауыстырылды. Бұл ретте балалар үшін ауырсынуды төмендету мақсатында жаңа вакциналар бес және алты компонентті біріктірілген вакциналар құрамында енгізілді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жеке адамдар, инфекциялық ауруларға қарсы егулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жатады.

Өкінішке орай, вакциналарға қатысты қоғамдық пікірге көбіне адамдар топтары, интернеттегі немесе баспасөздегі вакцинацияның қажеттілігі және оның қаншалықты қауіпсіз екені туралы сұрақ қойылатын жарияланымдар әсер етеді. Бұдан басқа, барлық елдерде осал және қол жеткізу қиын егілмеген адамдар топтары бар, олар кейіннен инфекциялық аурулардың өршуін тудырады. Этикалық және діни себептер бойынша иммундаудан бас тартатын адамдар бар. Осы топтардың барлығы аурулардан қорғалмаған.

2018 жылы республикада профилактикалық егулерден бас тартудың 5750 жағдайы тіркелген.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда биылғы жылы жеке сенімі бойынша бас тартудың басым екенін атап өту қажет, барлық бас тартулар ішінде олардың үлесі 51%, діни себептер - 32%, вакциналарға сенімсіздікті 10 % адам білдірді, БАҚ арқылы жағымсыз ақпарат бойынша (интернет ресурстар, баспасөз, ТД) 6% адам.

2018 жылы вакцинациядан бас тартқан адамдар арасында жүргізілген жұмыстардың арқасында 3107 адам вакцинаға қатысты көзқарасын өзгертті.

Елдегі қолайлы эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ жалпы республика бойынша вакцинациялаумен қамтудың жоғары деңгейін ескере отырып, егілмеген балаларда вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттану қаупі төмен. Алайда инфекция тіркелген жағдайда инфекцияның таралу және егілмеген балалардың ауыр асқынулармен сырқаттану қаупі артады.

Профилактикалық егулерден бас тарта отырып, ата-аналар баланы инфекциядан және оның салдарларынан қорғану құқығын айыруы мүмкін екенін есте сақтау қажет.

Қазақстан жыл сайын дүниежүзілік иммундау апталығына қатысады. Иммундау апталығы халықты вакциналардың тиімділігі және қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру арқылы оларға қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейтуді талап етеді.

Әсіресе қарқынды көшіп-қону процестері және эндемиялық елдерден әртүрлі инфекциялардың әкеліну қаупі бар жағдайларда инфекциялық аурулардан қорғау мәселесі өзекті болып табылады. Осыған байланысты тұрақты эпидемиялық ахуалды қалыптастыру үшін ортақ күшпен барлық халықты егулермен толық қамту деңгейін арттыру қажет. Жыл сайын иммундау миллиондаған өмірді құтқаратынын атап өтеміз және осы жетістікті нығайтып, қолдау керек.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқына өздерінің балаларын инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмауға және барлық қолжетімді әдістермен, оның ішінде вакцинациялаумен олардың денсаулығын қамтамасыз етуге шақырды.