ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: бағаны реттеу халықтың барлық топтары үшін дәрілердің экономикалық қолжетімділігін арттырады.
2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Дәрілік заттардың бағасын реттеу рәсімі ресми жарияланған күнінен бастап 3 айдан кейін күшіне енеді.