Жаңа маусым! Жаңа кітаптар!
Көптен күткен тарихтар! Жаңа есімдер мен сүйікті авторлар!
Сәуірдің 24 мен 27 күндері «Көрме» көрме орталығында «Eurasian Book Fair–2019» ІV Евразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл көрмеге 13 мемлекеттен келген 90 компания қатысады. Оның ішінде Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Иран, Польша, Бельгия, Латвия, Украина, Өзбекстан бар.
Сондай-ақ, кітап көрмесіне Қазақстанның «Алматыкітап», «Атамұра», «Мектеп», «Қазақ энциклопедиясы», Ресейдің «Белый город», «Розовый жираф» , «Универсалист» , «Манн, Иванов и Фербер», «Самокат» ,«Кожаная мозаика» және өзге де мемлекеттердің жетекші баспалары қатысады.
Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – кітапты насихаттау, қолдау, қатысушы елдердің әдебиет мұрасын дамыту, оқырман мәдениетін қалыптастыру.
Көрме қатысушыларын 150-ден астам шара мен осыншама таныстырылым күтіп тұр. Шара барысында авторлармен, суретшілер, полиграфистермен кездесулер болады.
Жастар жылы аясында жас авторлардың қатысуымен «Ашық әңгіме» ақындық марафон, кітаптық әңгімелесу (book talks), әдебиет клубының отырысы, «Кітапты қалай тиімді оқу керек?» тақырыбына арналған шеберлік сыныптары, танымал ақын-жазушылармен автограф-сессия ұйымдастырылады. Олардың ішінде балалар кітабы Бүкілресейлік фестивалінің директоры және жазушы Юрий Нечипоренко, «Кит плывёт на север», «Совиный волк» кітаптарының авторы Анастасия Строкина бар. Танымал балалар жазушысы Анна Гончаровамен интерактивавті және шығармашылық кездесу болады.
Қазақстандық оқырмандар үшін көрме-жәрмеңке нағыз кітап мерекесіне айналады. Филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты, профессор Қойшығара Салғараұлының «Ұйқасқа түскен ойлар», Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктың «Сезім музейі», «Менің атым Қырмызы», және Әкім Таразидің 80 жылдығына орай «Тұлпардың ізі: сценарийден фильмге дейін» кинотанушы Назира Рахмановананың кітаптары, түрік жазушысы және драматург Ришата Гунтекинаның «Үзілген жапырақтар» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Бұл шараның аясында танымал мәдениет қайраткерлері, жазушылар және ақындармен кездесулер ұйымдастырылады. Олардың арасында жас ақын Мерген Тоқсанбай мен Мемлекеттік премия иесі, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулет, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов та бар.
Жас қонақтарға қызықты ойын-сауықтық бағдарлама әзірленді. Атап айтқанда, балалардың шығармашылық дамуына сеп болатын "Мимиория" шеберлік сағаты, Радуга мен Искорка атты мультфильм кейіпкерлері және Льюис Кэроллдың "Алиса ғажайыптар әлемінде" кітабының желісіне негізделген интерактивті квест ойындары мен балалалар жазушыларымен кездесу, вокалдық сайыстар және концерттік бағдарламалар.
Ал жаңа кітаптарды оқу барысында әйгілі медиа тұлғаларымен де кездесуге болады. Сезімтал қонақтарымыз поэзия немесе эстетика кешіне барса, өз білімін тексергісі келетіндер кино мен кітапқа қатысты тест тапсыра алады.
Ең қызығы, көрме барысында 6 номинация бойынша «Жылдың үздік кітабы» анықталады: «Үздік оқулық», «Үздік өлкетану басылымы», «Балаларға арналған кітап», «Мәдениет пен өнер», «Ғылым мен инновациялар», «Гран-при». Сайыс қорытындысында Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталады.
«Eurasian Book Fair–2019» сізді күтеді!
Ұйымдастырушы: «Фолиант» баспасы (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ. ) Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көмегімен Байланысатын тұлғалар: Саржанова Гүлнәр Советовна Қазанқапов Рауан Қайыргелдіұлы Имажанов Әділбек Айдарбекович Кәрібай Ғазиза Беріковна e-mail: info@eurasbook.com тел.: +7(7172) 396070; 310339; +77073710301