Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының 2018 жылғы жұмыс нәтижелері жарияланды.

Басқарма төрағасының айтуынша, Қор бағдарламалары арқылы қаржыландырылған жобалардың жалпы сомасы 450,1 млрд теңгені құраған. Бұл - 21 072 жоба. Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру бағдарламалары бойынша 2018 жылы 17 690 жобаға 248,5 млрд теңге несие берілген. 2018 жылы несиесін субсидиялаған жобалар саны 1 432, несиелердің жалпы сомасы 173,2 млрд теңге болды. Банк алдында кепілзаты жетпеген жағдайда кепілдік алған жобалар саны 48%-ға артқан. 2018 жылы «Даму» Қоры кәсіпкерлердің ЕДБ алдындағы 28,4 млрд теңгені құрайтын несиелері бойынша 1950 кепілдік берген...