Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Орталық коммункациялар алаңында өткен брифингте баяндады.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша Министрлік Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық медициналық ұйымдардың жұмысты қағазсыз жүргізу форматына толықтай көшуін, атап айтқанда бастапқы медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізуде. МАЖ-дің міндеттері медициналық ұйымдардың ішкі бизнес – процестерін автоматтандыру, клиникалық және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қолдау көрсету, медициналық ақпаратты қағазсыз жүргізуге көшу, медициналық қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға қолдау көрсету, медициналық қателіктердің санын азайту болып табылады».

«Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу және денсаулық сақтау ұйымдарының қағаз тасығыштарындағы және медициналық ақпараттық жүйелеріндегі есептік – есеп беру нысандарының қосарлануын болдырмау бөлігінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын цифрландыру процесі іске асырылуда. Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы пилоттық өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп Енгізу жоспарларын және тиісті бұйрықтарды әзірледі және бекітті: 2017 жылғы желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысының денсаулық сақтау ұйымдары (ҚР ДСМ 2017 жылғы 28 қарашадағы № 880 бұйрығы)», - деп, хабарлады Олжас Әбішев.

Сондай-ақ, ол бұл ретте процесті іске асыру кезең кезеңмен жүзеге асырылуда – пилоттық жобаның I кезеңі шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған процеске Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау ұйымдары қосылды (ҚР ДСМ 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 927 бұйрығы). II кезең шеңберінде 1 сәуірден бастап Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Алматы облыстарының денсаулық сақтау ұйымдары және пилоттық жобаның III кезеңі шеңберінде 1 шілдеден бастап барлық қалған 8 өңір (ОҚО бөлінуі есебімен - 9) – Астана, Алматы қалалары және Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорла, Солтүстік Қазақстан облыстары медициналық құжаттаманы электрондық форматта жүргізуді бастады (ҚР ДСМ 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығы)».

Олжас Әбішевтің айтуы бойынша, барлығы пилоттың I, II және III кезеңдерінің шеңберінде шамамен 700 дербес денсаулық сақтау ұйымы іске қосылды.2018 жылдың қорытындысы бойынша емдеу-профилактикалық қызмет көрсететін (оның ішінде ТМККК) барлық 697 дербес ұйымдарда 32 отандық және шетел әзірлеушілерімен ұсынылған МАЖ 38 түрі 100% енгізілді. 5 420 дербес емес медициналық ұйымнан (ДА, ФАП, МП және т.б.) 3 149 (РҚ бойынша орта есеппен 69,1%) МАЖ жұмыс істейді.

«Жалпы «Қағазсыз аурухана» пилоттық жобасының шеңберінде 2019 жылдың 21 қаңтардағы жай-күйі бойынша барлық өңірлердің жоспарланған 694 (99.3%) денсаулық сақтау ұйымынан 689-ы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген бастапқы медициналық құжаттаманың есептік-есеп 127 нысанынан 103 электрондық түрде жүргізеді. Сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 907 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес электрондық түрде жүргізілуі тиіс нысандардың саны – 4 және МАЖ болған жағдайда электрондық түрде жүргізілуі тиіс нысандардың саны – 229, оның ішінде 12 нысан жаңа редакцияда жазылған. Барлық 233 нысан электрондық форматта жүргізілетін болады» - деп толықтырды ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

Вице-министр сөзін қорытындылай келе, 2019 жылы Министрліктің алдында тұрған жоспармен таныстырды, сонымен қатар, ағымдағы кезеңге жасалған жұмыстардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне тоқталып: емханаға бару саны 2 есе азайды (орташа есеппен 12 барудан 6-ға дейін); кезек күту 2 есе азайды (30 минуттан бастап 15 минутқа дейін); дәрігерлер мен пациенттердің уақытын 50% үнемделді (ақпараттың қолжетімділігі); смартфондар арқылы зерттеулер нәтижелерін алу есебінен оларды алу уақыты 2,5 есе азайды (5 сағаттан 2 сағатқа дейін); жұмыс орындар саны 1,6 % оңтайландырылды (2 871 бірлік); медициналық қағаз құжаттамасында жылына 3 200 тонна қағазды үнемделді деді.

ҚР ДСМ Баспасөз қызметі, 74-31-37, 74-32-41, press_mz@mail.ru