Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалау мен бизнестің құқығын қорғау шаралары туралы баспасөз конференциясы өткізілді.
Спикер ретінде Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанова сөз сөйледі.
А. Бижанова 2017 жылдың соңында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, оны іске асыруға Электрондық сауданы дамыту жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленгенін атап өтті. Ол электрондық сауданы заңнамалық реттеу, электрондық сауданың төлем жүйесі, тұрғындар мен кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын көтеру, электрондық сауданы ілгерілету, логистика инфрақұрылымын дамыту тәрізді 5 негізгі бағыт бойынша 28 іс-шарадан тұрады.
«Қазірдің өзінде біз жүргізілген жұмыстардың оң әсерін байқап отырмыз. 2018 жылы электрондық сауда нарығының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайды. Интернет-сатып алушылардың саны 2 есе артып, 2,3 млн. адам болды. Нарықта 1700-ден аса интернет-дүкен жұмыс істеуде» - деді Бижанова.
Жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауда жасайтын ШОБ субъектілері корпоративтік және жеке табыс салығынан босатылды.
Кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын көтеру мақсатында «Атамекен» ҰКП интернетте бизнесті құру мен оны жүргізуге, негізгі цифрлық дағдыға оқытуды бастап, информациялық технологияларға қызмет көрсету саласында консультация беруде.
Қазіргі уақытта 15 мың ШОБ субъектісіне консультация берілді.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында «Қазпошта» АҚ базасында онлайн-саудаға оқыту, сервистік жүргізу және дайын интернет-дүкен құру бойынша қызмет көрсететін Е-commerce орталықтары жұмыс істейді. Биыл жыл басынан бері Е-commerce орталығы базасында 1500-ден аса ШОБ өкілі электрондық бизнесті ашу мен жүргізуге оқытылды.
2019 жылғы 2 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Заң шеңберінде электронлық сауданы одан арғы дамыту мәселесі реттелді:
- электрондық сауда саласындағы тұтынушылардың құқығын қорғау институты күшейтілді;
- кедендік әкімшілендіру жеңілдетілді (жеке тұлғалар үшін экспорттық тауарларды декларациялау бойынша – тауарды шетелге жөнелту кезінде пошта құжаты тауардың декларациясы ретінде пайдаланылады);
- көлік-логистикалық сақтау орталықтарының - фулфилмент орталықтардың қызметін реттеу бекітілді;
- электрондық сауда құралдарының жабдығы олардың белгілерін регламенттеу арқылы кеңейтілді (электрондық сауда (электрондық сауда шеңберіндегі тауарлар ғана), электрондық сауда алаңы, ақпараттық электрондық алаң және т.б.).
-
«Бүгінде электрондық сауда кәсіпкердің тауарын ішкі нарықта да, сыртқы саудада да жылжытуына мүмкіндік беретін қосымша құрал болып отыр» - деді Айжан Бижанова.