Байқаудың таныстырылымы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат РАМАЗАНОВА, Маңғыстау облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қорының директоры Адиля Түгелдің және «Маңғыстау облысы киім дизайнерлер Одағы» Қауымдастығының тең құрылтайшысы Диана Ботаеваның қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде өтті.

«ALTYN OIMAQ» байқауының мақсаты - ұлттық брендтегі киім-кешектер мен әшекейлерді қалыптастыру және оларды кеңінен таныту, жаңа есімдер мен брендтерді таныстыру және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту және сұранысты ынталандыру. Байқау Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорымен ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың міндеті – жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында киім өндірушілері мен дизайнерлері арасында кәсіби диалог алаңын құру

«ALTYN OIMAQ» байқауына Қазақстанның кез-келген азаматы төмендегі номинацияларға қатысуы арқылы өз шығармашылық жұмыстарын ұсына алады:

1). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны»; 2). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны», 3). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны», 4). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны», 5). «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық әшекейлердің үздік дизайны» 6). «Спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны».

«ALTYN OIMAQ» байқауы бірнеше кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде өтінімдер қабылданып, комиссиямен байқау лауреаттары іріктеледі. Екінші кезеңде үміткерлер қоғамдық онлайн-дауыс беруге қатысады. Үшінші кезең – Бас жүлдені тапсыру, алты лауреаттың ішінен жеңімпаз таңдалады. «ALTYN OIMAQ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау 25 желтоқсанда өтеді.

Байқауға қатысу өтінімдері www.fundwomen.kz сайты арқылы қабылданады.

«ALTYN OIMAQ» байқауының Бас жүлдесіне алғашқы үміткерлер 2019 жыл маусымда Астанада өтетін Жеңіл өнеркәсіп форумында жарияланады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz